Спорт • 18 Қараша, 2019

Футбол: Еуропа чемпионатына қатысатын 17 команда белгілі

6227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні футболдан 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Португалияның ұлттық құрамасы сырт алаңда Люксембургті ұтты.

Футбол: Еуропа чемпионатына қатысатын 17 команда белгілі

Кездесудің 39-минутында Бруну Фернандеш есеп ашса, 86-минутта Криштиану Роналду екінші голды соқты. Нәтижесінде бұл матчта 2:0 есебімен жеңіске жеткен Португалия футболшылары «ЕУРО-2020» додасының жолдамасына иелік етті.

Осылайша, келесі жылы өтетін Еуропа чемпионатында өнер көрсететін 24 команданың 17-сі белгілі. Португалияға дейін Бельгия, Испания, Италия, Польша, Түркия, Ресей, Украина, Франция, Англия, Чехия, Швеция, Финляндия, Германия, Голландия, Хорватия және Австрия құрамалары қарт құрлықтың басты додасында бақ сывнау құрметіне ие болған еді.