19 Маусым, 2013

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №08-1-1-1/114

374 рет
көрсетілді
22 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бұйрығы №08-1-1-1/114

Сәрсенбі, 19 маусым 2013 0:52

2013 жылғы 9 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге уәкілетті адамдарды іссапарға жіберу мақсатында «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Сәрсенбі, 19 маусым 2013 0:52

2013 жылғы 9 сәуір Астана қаласы

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге уәкілетті адамдарды іссапарға жіберу мақсатында «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 48) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге уәкілетті адамдарды іссапарға жіберу мақсатында «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша республикалық бюджетте көзделген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Валюта-қаржы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі                  Е.Ыдырысов.

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық банкінің төрағасы

Г.Марченко

2013 жылғы «28»  03

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрі

Б.Жәмішев

2013 жылғы «4» 04

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 9 сәуір №08-1-1-1/114 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге уәкілетті адамдарды іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты
пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге уәкілетті адамдарды іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы сая­си қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар)республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси әрекеттерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген шет елге жіберілетін адамдарды іссапарға жіберу үшін көзделген қаражатты пайдалану тәртібін белгілейді.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі):

1) «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарламаларының 162 ерекшелігінің әкімшісі ретінде мынадай адамдарды шетелге іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды (бұдан әрі – іссапар шығысы) төлеуге арналған қаражатты пайдалану туралы шешімдер қабылдайды:

республикалық бюджет есебінен ұсталатын лауазымды адамдар (бұдан әрі – лауазымды адамдар);

Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайы;

Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасының делегациялары;

2) «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» бюджеттік бағдарламасының 162 ерекшелігінің әкімшісі ретінде мынадай адамдардың шетелге іссапарға жіберілуіне байланысты шығыстарды төлеуге арналған қаражатты пайдалану туралы шешімдер қабылдайды:

лауазымды адамдар;

құрамы Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы үкіметтік делегация мүшелері (бұдан әрі – Мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі үкіметтік делегация);

жергілікті бюджеттен ұсталатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігімен анықталатын Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау саласындағы мамандар мен сарапшылар.

 

2. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінетін республикалық бюджет
қаражатын пайдалану тәртібі

3. Сыртқы істер министрлігі республикалық бюджетте кезекті қаржы жылына «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер», «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» және «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бағдарла­маларының 162 ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдаланады.

4. Кассалық операцияларды жүргізу мемлекеттік мекеменің кассасында қолма-қол ақша қалдығының күнделікті лимитін және кассада қолма-қол ақшаның сақталу мерзімін белгілейтін нормаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығымен бекітілген  Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесіне (2009 жылы 28 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5760 тіркелген),  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына (2011 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7197 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомына (2011 жылы 15 тамызда Қазақстан Республикасы­ның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7126 тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

5. Бөлінген қаражатты айырбастауды қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі Астана қаласының Қазынашылық департаментінде шетелдік валютада есепшоттар (қолма-қол есептесуге арналған) ашады.

6. Астана қаласының Қазынашылық департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалында бюджет қаражатын АҚШ долларына, сондай-ақ, еуроға айырбастауды жүргізеді және оларды осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шетелдік валютадағы есепшоттарға аударады.

7. Сыртқы істер министрлігі тиісті айдың жоспарлы мақсаттарына баламалы сомада келесі күнтізбелік айға қолма-қол шетелдік валютаны алуға арналған өтінішті Астана қаласының Қазынашылық департаментіне әр айдың оныншы күніне дейін жолдайды.

 

3. Іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу тәртібі

8. Сыртқы істер министрлігіне «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы және «Сыртқы саяси қызметтерді үйлестіру жөніндегі қызметтер» мен «Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламаларының 162 ерекшелігі бойынша іссапар шығыстарын төлеуге:

1) мемлекеттік органдардың Сыртқы істер министрлігіне берген жазбаша өтініші негізінде лауазымды адамдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің жұбайына, Халықаралық Еңбек Ұйымы Бас конференциясының жыл сайынғы сессияларына қатысатын Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелеріне;

2) іссапарға жіберу туралы қабылданған шешім негізінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің қызметкерлеріне қаражат бөлу жүзеге асырылады.

9. «Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау» бағдарламасының 162 ерекшелігі бойынша іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу Мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссиялардағы үкіметтік делегациялардың басшыларымен немесе олардың орынбасарларымен бекітілген Жоспар-кестеге, сондай-ақ, дипломатиялық арналар арқылы контрәріптестермен жасалған уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылады.

10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері басқаратын Қазақстан Республикасының делегациясы шетелге жол жүрген кезде, арнайы рейстерді орындау қызметтері үшін Сыртқы істер министрлігімен арнайы рейстерді орындайтын авиатасымалдаушымен қол қойылған көрсетілген қызметтер актісі негізінде авиатасымалдаушының есеп айырысу шотына қаражатты аудару арқылы арнайы рейстерді орындау қызметтері төленеді.

11. Мемлекеттік орган тиісті іс-шараны өткізуге дейін кемінде он бес жұмыс күні бұрын не анағұрлым кеш мерзімде, бірақ үш жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті мемлекеттік орган мен Сыртқы істер министрлігінің басшылары арасындағы келісім бойынша Сыртқы істер министрлігіне өтініш береді.

Мемлекеттік органның Сыртқы істер министрлігінің атына ұсынған өтінішінде шетелдік іссапардың мақсаты, мерзімі мен іссапарға жіберілетін адамдар туралы мәліметтер болуы тиіс.

Іссапарға жіберу мерзімдері іссапарға жіберілетін адамды:

оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлыққа;

сайлаудың ұзақ мерзімді бақылаушысы ретінде жіберуді қоспағанда, күнтізбелік 40 күннен аспауы тиіс (жолдағы күндерін есептемегенде).

Іссапар барысында форс-мажорлық жағдайлар пайда болған кезде, мемлекеттік органның негіздемесімен және растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініші негізінде іссапар мерзімі күтізбелік 40 күннен астам уақытқа ұзартылады.

12. Сыртқы істер министрлігі іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлу туралы келіп түскен өтінішті:

1) бюджеттік бағдарламалар шеңберінде тиісті мемлекеттік орган қатысатын ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды;

2) ағымдағы жылға арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражатының көлемін;

3) мемлекеттік орган ұсынатын іс-шараға қатысудың сыртқы саяси орындылығын ескере отырып қарастырады.

Өтінішті қараудың қорытындылары бойынша Сыртқы істер министрлігі бес жұмыс күні ішінде іссапар шығыстарын төлеуге қаражат бөлу туралы шешім қабылдайды.

Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарға іссапар шығындарына арналған қаражаттарды беру іссапарға жіберілетін адамды ресімдеу күні Сыртқы істер министрлігінің кассасында жүргізіледі.

13. Жоспарланған іс-шара басталғанға дейін іссапар шығыстарын бөлу туралы шешім қабылданбаған жағдайда, Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік органнан жазбаша өтініші түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде іссапар шығыстарын өтеу туралы шешім қабылдайды.

14. Қаражат бөлу туралы қабылданған шешім негізінде Сыртқы істер министрлігі шетелдік валюта алу үшін Сыртқы істер министрлігінің қызметкеріне Астана қаласының Қазынашылық департаментіне ресімдеуге арналған сенімхат береді.

Сенімхат бір жұмыс күні мерзіміне беріледі, оған Сыртқы істер министрлігінің басшысы және бухгалтері қол қояды.

Астана қаласының Қазынашылық департаменті Сыртқы істер министрлігінің сенімхатында көрсетілген адамға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалында қолма-қол шетелдік валютаны алу үшін сенімхат береді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалы Сыртқы істер министрлігінің уәкілетті адамына Сыртқы істер министрлігінің хатында көрсетілген сомаға сәйкес қолма-қол шетелдік валютаны береді. Сыртқы істер министрлігінің хаты еркін нысанда жасалады және қолма-қол шетелдік валютаны алудың жоспарланған күніне дейін 2 жұмыс күні бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы Орталық филиалына ұсынылады.

Сыртқы істер министрлігі сенімхат бойынша алынған қолма-қол шетелдік валютаны өзінің кассасында қаржыландырудың бекітілген айлық жоспарының шегінде сақтайды. Сыртқы істер министрлігінің кассасындағы қолма-қол шетелдік валютаның күн сайынғы лимиті ағымдағы айға арналған қаржыландыру жоспарымен көзделген сомадан аспауы тиіс.

15. Сыртқы істер министрлігі іссапарлар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

16. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдарды (бұдан әрі – іссапарға жіберілген адам) шетелге іссапарға жіберу кезінде Сыртқы істер министрлігінің шешіміне сәйкес мынадай іссапар шығыстарын төлеуге:

1) іссапар мерзіміне арналған тәуліктік;

2) баратын орнына және кері жол жүру жөніндегі шығыстарға (такси қызметі төленбейді);

3) тұрғын үй-жайды жалға алу жөніндегі шығыстарға, оның ішінде баратын пунктіне кірер алдында болатын пункттерде;

4) билетті қайтару/айырбастау айыппұлына (іссапар кейінге қалдырылған немесе ауыстырылғанда, ауырғанда, форс-мажорлық жағдайларда);

5) валютаны айырбастағаны үшін комиссиялық алымдарға;

6) түбіртекке немесе чекке сәйкес визаны ресімдеу үшін консулдық алымдарға қаражат бөлінеді.

Егер қабылдаушы тарап осы тармақта көрсетілген қандай да бір іссапар шығыстарын өзінің есебінен төлейтін болса, белгіленген нормалардың 30 (отыз) пайызы мөлшерінде бөлінетін тәуліктікті қоспағанда, тиісті іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражат бөлінбейді.

Іссапар шығыстары «Мемлекеттік қызметкерлерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысымен бекітілген нормаларға сәйкес өтеледі. Адамдардың тұру шығыстары нақты шығындар бойынша төленетін белгіленген нормалардан асып кеткен жағдайда өтеу растайтын құжаттарды ұсыну арқылы жүргізіледі.

17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделмеген іссапар шығыстарын Сыртқы істер министрлігі төлемейді.

18. Іссапарға жіберілген адамдар шетелге іссапарға жол жүрген кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн және Қазақстан Республикасына қайтқан кезде Қазақстан Республикасына келер алдында шет мемлекеттің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылады.

Егер Қазақстан Республикасынан ұшу (кету) жол жүру құжатына сәйкес ағымдағы тәуліктің сағат 21:00-ден кеш жүзеге асырылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн іссапар мерзіміне қосылмайды.

Іссапарға жіберілген адамдардың мемлекеттік шекараларды кесіп өткен күндері уәкілетті органдардың паспорттағы белгілері бойынша айқындалады. Егер іссапарға жіберілген адамдардың құжаттарына мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы уәкілетті мемлекеттік орган белгі қоймаған болса, мемлекеттік шекараны кесіп өткен күн іссапарлық куәлігіндегі белгілер бойынша айқындалады.

19. Егер іссапарға жіберілген адамда іссапар куәлігі не шет мемлекеттердің немесе паспортта іссапарға жіберілген адамдар транзиттік аймақта болған мемлекеттердің уәкілетті органдарының белгілері болмаса, іссапарға жіберілген адамдардың әрбір елде болғандығын растайтын жол жүру құжаттары есепті қабылдау үшін негіз бола алады.

20. Іссапарға жіберілген адамдар бір тәуліктің ішінде екі шет мемлекеттің аумағында болған болса, іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражат белгіленген нормалар бойынша 50 (елу) пайыз мөлшерінде осы елдердің әрқайсысы үшін бөлінеді.

21. Іссапарға жіберілген адамдар бір тәуліктің ішінде екі шет мемлекеттен көп аумақта болатын болса, іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражат осы тәулік ішінде соңғы пункт болып табылатын ел үшін белгіленген нормалар бойынша бөлінеді.

22. Іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражатты үшінші адам алған жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен расталған сенімхат ұсыну қажет. Сенімхат мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (орталық атқарушы органның бірінші басшысы, жауапты хатшысы уәкілеттігі жүктелген лауазымды адам немесе осы лауазымға уәкілетті өзге адам) және мемлекеттік органның бас (аға) бухгалтерінің қолы қойылған мемлекеттік органның ресми бланкісінде беріледі.

Іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты іссапарға жіберілген адамдарға бөлу осы іссапарға жіберілген адамдардың іссапар шығыстарын төлеуге бұрын бөлінген қаражатқа толық есеп пен өткізілген іс-шараның қорытындылары туралы есеп берілген жағдайда ғана жүргізіледі.

23. Валюта есептеу үшін қолма-қол шетелдік валютаны айырбастағанын айғақтайтын құжатта көрсетілген айырбас бағамы қолданылады. Қолма-қол шетелдік валютаны айырбастағанын растайтын құжаты болмаған жағдайда, шот-фактурада көрсетілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі соңғы күні белгілеген бағам қолданылады.

 

4. Есептілік

24. Іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күнінің ішінде іссапарға жіберілген адам Сыртқы істер министрлігінің қаражатты бөлуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне іссапар шығыстарын төлеуге бөлінген қаражатты пайдаланғандығы туралы мынадай құжаттарды қамтитын аванстық есепті ұсынады:

1) паспорттың көшірмесі (2-беттің және шекараны кесіп өткендігі туралы белгілері бар беттің (тердің) көшірмелері);

шекараны кесіп өткендігі туралы белгілері паспортта болмаған жағдайда, іссапарға жіберілген адамның жұмыс орны бойынша және қабылдаушы ұйымның кадрлық қызметінің белгілері бар іссапар куәлігінің көшірмесі ұсынылады;

2) жол жүру құжаттары:

шот-фактурасын (инвойсты) және фискалдық чекті (арнайы рейспен жол жүрген жағдайда талап етілмейді) міндетті түрде қоса тіркеп, баратын орнына және кері қарай жол жүру билеттері;

вокзалдан, әуежайдан, кемежайдан және көпшілік пайдаланатын көлікпен соңғы пунктіге дейінге жол жүру құжаттары;

әуежайлар әкімшіліктері қарастырған жағдайда әкімшілік алымдарды төлеу жөніндегі түбіртектер;

билетті қайтарғаны/алмастырғаны үшін айыппұл төлегенін растайтын құжаттар болған жағдайда;

электрондық авиабилетті ұсынған кезде отырғызу талонын және авиабилеттің құнын төлегендігін растайтын құжат қоса беріледі;

жол жүру билеттерін немесе билетті қайтарғаны/алмастырғаны үшін айыппұл төлегендегін растайтын құжаттарды жоғалтқан жағдайда, аталған құжаттарды берген ұйымның жазбаша растаухаты ұсынылады;

транзиттік елде 12 сағаттан артық болған жағдайда авиабилетті берген авиакомпанияның немесе ұйымның транзиттік елге келген сәтінен бастап жақын уақыттағы 12 сағатқа іссапардың әрі қарай бағыты бойынша рейске авиабилеттің немесе рейстің жоқ екендігі туралы хат (анықтама) ұсынады.

3) валюта айырбастау операциясы кезінде алынған валюта айырбастаудың бағамы мен күні көрсетілген құжаттар.

25. Іссапар шығыстарын төлеуге арналып бөлінген пайдаланылмаған қаражаттың қалдығын есеп беруші адам іссапар мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Сыртқы істер министрлігінің кассасына қайтаруы тиіс.

26. Мемлекеттік органның іссапарға жіберілген адамның дебиторлық берешегі болған жағдайда (қайтып оралған сәттен бастап 5 жұмыс күнінен астам), Сыртқы істер министрлігі қазіргі бар берешегін өтегенге дейін осы мемлекеттік органның қызметкерлеріне іссапар шығыстарын төлеуге арналған қаражатты бөлуді жүзеге асырмайды.

 

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 29 сәуір Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8438 болып енгізілді.