26 Наурыз, 2010

ИНДУСТРИЯЛЫҚ КАРТАҒА ЕНГЕН ЖОБАЛАР

699 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының тала­бына сәйкес Қызылорда облысы бойын­ша экономиканы дамыту­дың басым бағыттары бойынша іріктелген, құны 300 млрд. теңгеге жуықтайтын 92 жоба индус­трия­ландыру картасына ұсынылған. Агроөнеркәсіп кешені бойынша құны 16,4 млрд. теңге құрайтын 41 жоба, өндіріс және құрылыс индустриясы бойынша құны 69,7 млрд.теңге құрайтын 30 жоба, мұ­най-газ секторын дамыту бойынша құны 19,3 млрд.теңге құрайтын 6 жоба жүзеге аспақ. Сондай-ақ, химия өнеркәсібінде құны 32,5 млрд. теңге болатын 1 жоба, тау-кен өндіру саласында 57,5 млрд. тең­геге бағаланған 2 жоба, энерге­тика және инфра­құ­рылым сала­сын­да 90,3 млрд. теңгенің 9 жоба­сы нақ­тыланған. Туризм саласында 4,4 млрд.теңге құ­райтын 2 жоба, көлік инфрақұрылымында жалпы сомасы 5,4 млрд. теңге құрайтын 1 жоба бар. Үстіміздегі жылға белгіленген 12 жобаның ішіндегі 7-еуі 1 шіл­деге дейін жүзеге асырылаты­нын ескерсек, қазіргі таңда “Тасбұлақ” ЖШС-нің қиыршықтас өндірісі іске қосылған. Жоба құны 250 млн. теңгені құрап, жаңадан 50 жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, “УАД” ЖШС-нің “Битум шығару зауытының құрылысы” жобасы толығымен дайын. Тиісті минис­трліктен өнімге лицензия алынған. Мұнан өзге 4 жоба өз деңгейін­де жүзеге асырылуда. “Қазгермұ­най” БК” АҚ-тың газды тиімді пайдалану кешенінің 2-ші кезегі құрылысының монтаждау жұмыс­та­ры аяқталды. Жобаның жалпы құны 10275 млн. теңгеге бағалан­ған. Кешенде жылына 300 млн. текше метр газ өңделеді. “Петро­ҚазақстанҚұмкөлРесорсиз” АҚ-тың Құмкөл газ-турбиналы станса­сында қуаттылығы 25 мВт.-тық 2 қосымша газ-турбиналы қон­дыр­ғы­сының құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрал-жабдық­тары арнайы тапсырыспен Дубай қаласында жасалды. Оларды тасымалдауға 1 ай уақыт кетеді. Бүгінгі күні газотурбиналық қондырғының орналасатын орны әзір. “УАД” ЖШС жылына 100-120 мың текше метр қиыршықтас шығаратын зауыт құрылысын қолға алған болатын. Бүгінде зауытты белгіленген кестеден бұ­рын, яғни наурыз айының соңына дейін іске қосу мүмкіндіктері қарас­тырылуда. “Шапағат сүт” ЖШС нан зауытына арналған құрал-жабдықтарды Чехия және Түркия елдерінен ресейлік “Макиз Урал” компаниясы арқылы сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Өкінішке қарай, “Шалқия Неруд” ЖШС жоғары сапалы қиыршықтас өндіру үшін құрал-жабдықтарды сатып алуға қаржы таппай отыр. Кәсіпорын жұмысты әрі қарай жалғастыру үшін құрал-жабдықтарды жалға алуда. Жыл соңына дейін жүзеге асырылатын 4 жоба бойынша “БИС” ЖШС-нің “Мұнай қалдықтарын және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу”, “УАД” ЖШС-нің “Ас­фальт шығару зауыты” жобалары белгіленген кестеден бұрын жүзеге асырылады. “РЗА” ЖШС-нің “Тауарлы-сүт фермасын ұйымдас­тыру” жобасы бойынша бүгінгі таңда құрылыс-монтаж  жұмыста­ры атқарылды. Құрал-жабдық­тарды, 660 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алуға төлем жасалды. “Тату Агро” ЖШС-нің “Томат өнімдерін шығару өндірісі” жобасы бойынша құжаттар “КазАгроқаржы” АҚ-қа ұсынылып, қаржыландыру мүм­кіндіктері сарапталуда. Сондай-ақ,  жалпы құны 22,7 млрд. теңге құрайтын 24 қосымша жоба бар. Оның ішінде 9 жоба кедергісіз жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, “Қорған тас” ЖШС-нің “Қиыршықтас шығару зауыты” жобасы бойынша құрал-жабдық­тары жеткізілді. Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, аталған кәсіпорынның кірпіш шығару зауытының инже­нерлік коммуникациясы дайын тұр. “ПетроҚазақстан­Құмкөл­Ресорсиз” АҚ-тың “Қызылорда -Құмкөл автокөлік жолының 130-190 шақырымының құрылысы” жобасы ешқандай кедергісіз жүзеге асырылуда. “МБЕ-Онтүстік” ЖШС мамыр-маусым айларында алғашқы өнімін шығара бастайды. “Дархан-2006” ЖШС-нің қиыр­шықтас шығаруға арналған құрал-жабдықтары жақын арада жет­кізіледі. “Сариев” ЖК-нің кір­піш зауыты іске қосылуға дайын. Әзірге жер қойнауын пайдалану құқығы ресімделуде. Жақында  облыс әкімі Болат­бек Қуан­дықовтың төрағалық етуімен облысты үдемелі индус­триялық дамыту жөніндегі үйлес­тіру кеңесінің мәжілісі өтті. Облыс басшысы хабарламашы мен жобалар бастамашыларын, инвес­торларларды жеке-жеке тыңдай келе, жобаларды жүзеге асыру барысында кезігіп отырған кедер­гілер туралы сұрады. Мәселен, Жаңақорған ауданындағы “Тату Агро” ЖШС-нің томат өндіру зауытына, тағы бірнеше өндіріс ошақтарына электр энергиясын жеткізуде проблема туындап отыр. Облыс басшысы индустриялық картаға енген жобалардың қата­рында нақтыланбаған шикі жобалардың болмауын тапсырды. Негізінен индустриялық жобалар 3 топқа бөлінеді. Алғашқы топқа ешқандай кедергісіз жүзеге асырылып жатқан жобалар кіреді. Екінші топқа жүзеге асыруында қиындықтары бар, қаржы мәселесі толық шешілмеген және кәсіп­орын­ның жеке кедергілері бар жобалар жатады. Үшінші топқа дайындық үстіндегі, яғни, тех­никалық-экономикалық негізде­месі немесе жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатқан жобалар енеді. Жобаны қолға алғанда ең алдымен қаржылық мүмкіндіктер жіті саралануы тиіс. Облыс әкімінің айрықша атап өткеніндей, жергілікті атқарушы билік қаржы жетіспеушілігінен орта жолда қалып қоятын, бола­шағы бұлыңғыр жобаға инженер­лік инфрақұрылымдарды, жолды жеткізіп бермейді. Шығарылған өнімнің сұранысқа жауап беруі, бәсекеге қабілеттілігі басты на­зарда болуы керек. Мұндай жоба­ларды бұрынғыдай 17 пайыздық емес, 12 пайыздық үстемемен несиелендіру, Елбасы тапсыр­масымен несиелерді субсидиялау мәселесі қолға алынып жатыр. Еркін ӘБІЛ, Қызылорда.