Күрес • 19 Қараша, 2019

Қонаев турнирі мәресіне жетті

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында еркін күрестен Дінмұхаммед Қонаевты еске түсіруге арналған XII халықаралық турнир аяқталды.

Қонаев турнирі мәресіне жетті

Биылғы Дінмұхаммед Қонаев мемориа­лында 65 килода сынға түскен Мейіржан Әшіров, 125 кило салмақта Думан Бөлтіріков және 79 килодағы Ғалымжан Өсербаев топ жарса, 57 килодағы  Адлан Асқаров, 65 килодағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дәулет Ниябеков, 86 килода белдескен Азамат Дәулетбеков және 125 килодағы Олег Болтин халықаралық турнирде екінші орыннан көрінді.

Ал Еламан Қадырсейіт (57 кг), Расул Қалиев (61 кг), Дархан Есенғали, Рамазан Жауынтаев (74 кг), Нұрдәулет Көктеубаев (86 кг), Азамат Дәулембаев, Елхан Асадов (92 кг), Мамед Ибрагимов (97 кг), Юсуп Батырмұрзаев, Нұрсұлтан Азов (125 кг) қола жүлдені қоржындарына салды.

Жарыста 17 жүлде олжалаған отандас­тарымыз жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Бірінші орын Ресей спортшыларына бұйырды.