Заң жобасының мақсаты жоғары жетістіктер спортында допингті қолданғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша дене шынықтыру және спорт саласында қолданыстағы заңнамаларын жетілдіру, сондай-ақ спортта демеушілікті құқықтық реттеу болып табылады.
Заң жобасымен бірқатар заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі.
Бюджет кодексіне енгізілетін түзету Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік тапсырманы алуға және оған қатысуға құқық беруді көздейді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін адамдардың жауапкершілігін күшейту бөлігіне толықтырулар енгізіледі. Осылайша, спортшыға қатысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) тыйым салынған әдістерді пайдаланған жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының, спорттық медицина жөніндегі маманның және (немесе) дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманның допингке қарсы қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілігі белгіленеді.
Заң жобасының маңызды жаңалығы:
- Паралимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне олардың қалауы ескеріле отырып, төменгі қабаттардан немесе лифтілері бар тұрғын үйлерден, ал Паралимпиадалық ойындардың тірек-қозғалыс аппараты бұзылған чемпиондары мен жүлдегерлеріне екінші қабаттан жоғары емес тұрғын үй-жай таңдау құқығын беру;
- дене шынықтыру мен спорт саласында демеушілік көмек көрсету саясатын іске асыратын Бірыңғай оператор құру болып табылады. Бірыңғай оператор қызметінің негізгі мақсаты дене шынықтыру және спортты тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.
Сондай-ақ, Заң жобасының негізгі мақсаты сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша мүгедек спортшылар арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу болып табылатын Ұлттық сурдлимпиадалық комитеттің мәртебесі мен өкілеттігін күшейтуді көздейтін жаңа «Ұлттық сурдлимпиадалық қозғалыс» бабымен толықтырылды.
Заң жобасын талқылау барысында сенатор Динар Нөкетаева замануи талаптарға сәйкес дене шынықтыру жөніндегі стандарттар мен әдістемелерді өзгерту қажеттігі туралы мәселе көтерілді.
Сенатор Нариман Төреғалиев ауылдар мен аудандардағы спорттың жағдайы нашар екенін атап өтті. «Ауылдарда спортты дамыту үшін жыл сайын республикалық бюджеттен қаражат бөлу қажет. Осы мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданылады?» - деп сұрады депутат.
Құжат Палата қарауына берілді.