Қазақстан Республикасының Заңы
Сейсенбі, 25 маусым 2013 1:15
«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 5 132 695 739 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 3 504 856 329 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 75 741 504 мың теңге;
Сейсенбі, 25 маусым 2013 1:15
«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 және 2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кiрiстер – 5 132 695 739 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша – 3 504 856 329 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша – 75 741 504 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 7 700 000 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 544 397 906 мың теңге;
2) шығындар – 5 888 519 110 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 41 581 562 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер – 122 875 156 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу – 81 293 594 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 73 167 974 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу – 87 605 474 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 14 437 500 мың теңге;
5) тапшылық – -870 572 907 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,5 пайызы;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 870 572 907 мың теңге.
2-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 250 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 717 900 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»;
2) 7-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналар:
көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді – 55 913 мың теңге;
халықтың көші-қоны саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді – 6 650 мың теңге;»;
3) мынадай мазмұндағы 7-1 және 8-1-баптармен толықтырылсын:
«7-1-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық бюджеттерінен орта білім беруде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша сынамалауды өткізу үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыруға көзделген шығыстарды беруге байланысты 1 699 844 мың теңге сомасында трансферттердiң түсiмдері көзделсін.»;
«8-1-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан көлік инфрақұрылымын дамытуға 25 500 000 мың теңге сомасында нысаналы трансферт көзделсін.»;
4) 13-бап мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2), 11-1), 27-1), 27-2) және 28-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандатуға;
10-2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға;»;
«11-1) жергілікті атқарушы органдардың штат санын ұлғайтуға;»;
«27-1) жаңадан iске қосылатын білім беру объектілерін күтіп-ұстауға;
27-2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалауға;»;
«28-1) жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн күтіп-ұстауға;»;
5) 14-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау;»;
6) 15-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
7) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.»;
8) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылға арналған резервi 53 291 686 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;
9) 22-бап алып тасталсын;
10) 23 және 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 800 000 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 11 638 230 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.»;
«29-бап. 2013 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 4 770 600 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.»;
11) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 24 маусым
110-V ҚРЗ