Саясат • 22 Қараша, 2019

Елбасы Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы elbasy.kz хабарлады. 

Елбасы Швейцария Президенті Ули Маурермен кездесті

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Швейцария арасында экономиканың түрлі салаларында жақсы қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.

– Қазақстанға қош келдіңіз. Сіздердің елдеріңізге бірнеше рет бардым. Швейцария – Қазақстанның ірі және маңызды сауда серіктестерінің бірі. Біздің елімізді әрқашан қолдап келесіздер. Осы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырған жөн. Бізде швейцариялық бизнесті қызықтыратын жобалар көп, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Ули Маурер Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанға жасап жатқан ресми сапарынан алған әсерімен бөлісті.

– Біздің елдеріміздің қарым-қатынасы өте жақсы. Бүгін таңертең мазмұнды әрі жемісті кездесулер өткіздім. Қазақстанмен бірлесе отырып дамытатын көптеген жобаларды талқыладық, - деді Швейцария Президенті.