Аймақтар • 24 Қараша, 2019

Полицейлер өмірі туралы кітап жазылмақ

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қалам тартып жүрген жазушы Жан Ақжановтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Парасат» атты әдеби-шығармашылық кеші Маңғыстау өңірінде басталып кетті, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер өмірі туралы кітап жазылмақ

«Тәтті жаңбыр», «Дәрігердің жолы», «Алсуа», «Күн саған күлімдейді», «Сенің түнгі күнің», «Дала және тағдыр» атты еңбектерінің презентациясы Маңғыстау облысы Полиция департаментінде өтті.

Жеке құраммен болған кездесуде Жан Мұхарабұлы өзінің осы жанрға қалай келгенін, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көркем шығармалардың алатын орны зор екенін айтып берді.

Шара соңында офицерлер тарапынан бүгінгі ел тыныштығын күзетіп жүрген полицейлер туралы жағымды кейіпкерімен көркем шығармалар жазу туралы ұсыныс түсті.

Осыған дейін дәрігерлер, жастар, еңбек адамдары туралы жазып, адалдық, адамдықты дәріптейтін шығармалардың авторы атанған жазушы Маңғыстау полицейлеріне олардың өмірі туралы жаңа кітап жазуға уәде етті.