Қазақ баспасөзінің мерейлі межесін күллі қырғыз оқырманына сүйіншілеген әріптестік әдемі үрдіс мерейтой қарсаңында жарасымды жалғасты.
Қырғыз халқының «Egemen Qazaqstan»-мен дәуірлес, биыл тарихына 95 жыл толтырып отырған көшбасшы басылымдарының бірі – «Эркин Тоо» және «Кыргыз Туусу» газеттері айқарма бетін қазақ баспасөзінің мерейтойына арнады. Басылым басшысы Дархан Қыдырәлімен салиқалы сұхбат жүргізіп, жүз жылдық жылнама тарихын бауырлас ағайынға кеңінен таныстырды. Ақжарма тілек, ағеден пейілдерін жолдады.
Сөйтіп кезіндегі Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматовтар салған сара жол жаңа ғасыр биігінде жаңаша түлеп, етекте елі, төскейде малы қосылған бауырлас қос мемлекеттің ғасырдан ғасырға жалғасқан мәңгілік достығын осылай айшықтады.