Руханият • 25 Қараша, 2019

Ержан Максим Junior Eurovision байқауында екінші орын алды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision-2019 ән байқауында өнер көрсеткен Ержан Максим жүлделі екінші орын алды.

Ержан Максим Junior Eurovision байқауында екінші орын алды

Ержан Максим байқауда «Арманнан қалма» атты әнді орындады. Қазылардың берген бағасы бойынша ол бірінші орыннан көрінді. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Жалпы 227 ұпаймен екінші орынды иеленді.

Байқаудың бас жүлдесі 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габорға бұйырды. Үшінші орын Испания әншісі Мелани Гарсияның еншісінде.