Қоғам • 25 Қараша, 2019

Елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтті

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 800 жол-көлік ережесін бұзушылықты анықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Елордада «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы өтті

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы жол-көлік оқиғаларының және олардың салдарының ауырлығын алдын алу мен азайту мақсатында өткізілді.

Полиция қызметкерлері тарапынан жол қозғалысына қатысушылар арасында ЖҚЕ талаптарын елемейтін жүргізушілерді анықтау және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша белсенді алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, 3 күн ішінде 800-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды. Оның ішінде маневр жасау ережелерін бұзу бойынша – 57 оқиға, мас күйінде автокөлікті басқару бойынша -14 жүргізуші, қарама - қарсы қозғалыс жолағына шығу бойынша – 9 оқиға, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту бойынша – 29 оқиға, жаяу жүргіншілерге жол бермеу бойынша -18 оқиға анықталды. 37 автокөлік айып тұрағына жеткізілді.

Сондай-ақ 124 жаяу жүргінші жолды өту кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзды. Сонымен қатар қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылауға ерекше көңіл бөлінді. Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер техникалық ақауы бар көлік құралдарын жолға шығару бөлігінде жол қозғалысы ережесін бұзудың 12 фактісін анықтады.

Автобус парктерінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ӘҚБтК 617 бабы бойынша 7 әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар рейс алдындағы медициналық және техникалық тексеруден өтпеген такси жүргізушілері тарапынан 4 құқықбұзушылық фактісі анықталды. Аталған фактілер бойынша таксомоторлық компаниялардың жүргізушілері мен жауапты тұлғалары ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы 2019 жылдың басынан бері елордада 469 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 29 адам қаза тауып, 500-ден астам азамат түрлі дәрежедегі жарақат алған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 1800 мыңға жуық жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды. 64 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.