Қазақстан • 25 Қараша, 2019

Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар шығарылады

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ желтоқсандағы мерекелік күндерде (Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік Күні, Жаңа Жыл) 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар жүретінін хабарлады.

Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар шығарылады

«Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша 12 рейс Алматы-2 ден 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 жұлдыздары және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қантар күндері кері бағытта шығады.

«Алматы-2 – Түркістан» бағыты бойынша 4 рейс Алматы-2 –ден 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді.

«Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша күн ара Маңғыстаудан 2019 жылдың 28 қарашасынан бастап 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 2019 жылдың 29 қарашасынан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді.

«Нұр-сұлтан-Шу» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» вагондарымен жасақталған 2 рейс 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 2 қаңтарында жүреді.

Сондай-ақ №712/711 «Нұр-сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» коммерциялық пойызы ағымдағы жылдың 8 желтоқсанынан бастап күн сайын қатынайтын болады.

Барлық сұрақтар бойынша Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуға болады.(стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Соңғы жаңалықтар