20 Шілде, 2013

Кейде жек көрген де жақсыға жорылады

219 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кейде жек көрген де жақсыға жорылады

Жұма, 20 шілде 2012 7:30

Қазір АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Египетке сапары саяси әңгімеге арқау болып отыр. Бірқатар ақпарат құралдары осы сапар кезінде біреулердің үлкен лауазымды қонаққа қарай қызанақ, бәтеңке лақтырғанын мысыр халқының АҚШ-қа деген үлкен қарсылығындай етіп көрсеткісі келеді.

 

Жұма, 20 шілде 2012 7:30

Қазір АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның Египетке сапары саяси әңгімеге арқау болып отыр. Бірқатар ақпарат құралдары осы сапар кезінде біреулердің үлкен лауазымды қонаққа қарай қызанақ, бәтеңке лақтырғанын мысыр халқының АҚШ-қа деген үлкен қарсылығындай етіп көрсеткісі келеді.

Бұл жерде, әсіресе, Ресей ақ­парат құралдары белсенділік көр­сетіп жатыр. Олардың мақса­ты біреу ғана – АҚШ-ты араб елдеріне қарсы қою, оны жо­сық­сыз етіп көрсету. АҚШ мемле­кет­тік хатшысы қызанақ атудан ешқандай зардап шеккен жоқ, ал ақпарат құралдары оның қасына ерген бір египеттік шенеунікке бір қызанақ тигені үшін қуа­ныш­тарын жасыра алмайды.
Осы сапардың мақсаты не, оның маңызы қандай деген мә­селе көп ақпарат құралдарын онша қызықтыра қоймайтындай. Шын мәнінде бұл тарихи маңы­зы бар сапар десек жөн. Египет – араб дүниесіндегі жетекші ел. Онда болып жатқан жағдай жұрт­қа белгілі. Осынау өтпелі кезеңде тұрған ел­дегі жағдайдың жақса­руына сеп­­тігін тигізуді көздеген қадамның барлығын құптаған жөн-ақ. АҚШ мемлекеттік хат­шы­сының бұл елге сапары – сондай қадам.
Бұл сапардың мәнін ұғу үшін тарихқа жүгінейік. АҚШ мемле­кеті күні кеше халық тақтан тай­дырған Хусни Мүбәракті қолда­ды. Сол қолдауға сәйкес енді елдегі жетекші саяси күшке айналып отырған «Мұсылман бауырлар» қозғалысын айыптады. Қазір жағдай мүлде өзгерді. Қол­даған адамы құлап, қарсыласта­ры биліккке келді. Енді не істеу керек? Билік тізгінін қарсылас­та­ры ұстады екен деп, Египеттей стратегиялық маңызды елден бас тарту керек пе? АҚШ парасатты­лық жолды таңдады – халықтың басым көпшілігінің қолдауына ие болған билікпен тіл табысуды жөн санады.
Хиллари Клинтон өз сапарын елдің басты портты қаласы Александрияда АҚШ консулдығын ашу­дан бастады. Қаржы тапшы­лығынан ол 1993 жылы жабылып қалған екен, енді оны қайтадан ашуға тура келген. Бұл екі ел ара­сындағы қарым-қатынасты да­мытуға жағдай жасайды. Сол шара кезіндегі сөзінде мемле­кет­тік хатшы өз елінің Египеттің ішкі ісіне араласпағанын, кешегі өткен сайлауға ықпал жасама­ғанын мәлімдеді. Кімді сайлау керектігін мысыр халқы өзі шешкенін айтты.
Оған қызанақ, бәтеңке лақты­ру Х.Клинтонның сол консул­дық­ты ашып, сөйлер сөзін сөй­леп бо­лып, көліктеріне кетіп бара жат­қанда басталыпты. Бірақ сол лақ­тырғыштардың мемлекеттік хатшыны көздеуге жүректері дауаламай, оның күйеуінің ашынасы болған-мыс Левинскаяның атын атап, айқайлағаннан арыға шамалары келмеген сыңайлы. Жалпы, бұлар кімдер дегенде, олардың кешегі президент сайлауында жеңіске жеткен Мохаммад Мурсиге қар­сыластар екені анық болып отыр. Және олар АҚШ-тың жаңа пре­зи­дентті қолдағанына да қарсы. Ал енді ондай пікір­дегі­лер­дің өздерін жек көргендерін Хиллари ханым­ның жақсылыққа жоруына болар.
АҚШ мемлекеттік хатшысы­ның Египеттің жаңа президенті Мохаммад Мурсимен кездесуі де бұл елдегі жағдайдың сауығуына ықпал етеді деп тұжырым жа­сауға болар. Вашингтонның «Еги­петте толықтай азаматтық билік­ке көшуді» қолдайтынын мәлім­деуі де маңызды.

Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20