Спорт • 26 Қараша, 2019

«Төрттік финалға» шыға алмады

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен аптада футзалдан УЕФА Чем­­пиондар лигасының Элиталық ке­зеңінің топтық ойындары аяқталды. «С» тобындағы бәсекелер Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, ал «В» тобындағы бәсекелер Ресейдің Түмен қаласында өтті.

«Төрттік финалға» шыға алмады

«В» тобында  сынға түскен Алматының «Қайрат» клубы алғашқы турда Испанияның «Мурсия Эль-Посо» командасына 1:4 есе­бімен жол берді. Екінші турда Италияның «Песаро» клубымен кездесіп, 5:3 есебімен басым түсті. Шешуші турда «Қайрат» Пор­тугалияның «Бенфикасын» 3:2 есебімен жеңіп тұрып, соңғы минуттарда қақпасына үш гол өткізіп алды. Қорытынды есеп –  3:5. Осылайша, «Қайрат» төртінші орынды қа­нағат тұтып, «Төрттік финалдан» тыс қалды.

Сондай-ақ «В» тобында бақ сынаған Рудныйдың «Аят» клубы Ресейдің Тюмень қаласында өткен үш ойында да жеңіліске ұшырап, турнир кестесінің соңғы орнында қалып қойды. Бірінші ойында жергілікті «Тюмен» клубынан 0:3, Португалияның «Спортингінен» 2:5 және Хорватияның «Ново Вриеме» клубынан 2:3 есебімен же­ңіліп қалды.