17 Сәуір, 2013

Көк байрақпен…қоқыс тасиды

294 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көк байрақпен…қоқыс тасиды

Сейсенбі, 17 сәуір 2012 7:29

Елдікті танытатын мемлекеттік рә­міздің бірі – Ту. Оның да киесі бар. Аяққа таптауға, қолжаулық етуге болмайды. Мұны Қазақстанның намысшыл, патриоттық сезімі жоғары әр азаматы есте ұстап жүргені құп. Алай­­да, көк байрағымызбен қоқыс тасығанды көргенде қаның қайнамай тұра ала ма?!

Атыраудың көшесін қоқыстан тазартып жүрген үш азаматтың көк байра­ғы­мызбен, яғни, Қазақстанның мемлекет­тік рәмізінің бірі – Тумен қоқыс тасиды! Атыраудағы «Ақжайық» газеті дәл ос­ын­дай мақала жариялады. Бұлтар­т­пай­тын айғақ ретінде бірнеше суретті қоса берді. Суреттерді Әсия есімді қаракөз қарындасымыз ұялы телефонына түсі­ріп алыпты.

Бұлар сірә, Қазақстанның азаматтары емес. Өйткені, біздің елдің азаматтары көк байрақты бұлай қорламайды. Сонда кім? Қай елден келген? Қай мекемеде жұмыс істейді? Бұлар қазақтың жерінде қазақтың көк байрағымен неге қоқыс тасиды? Міне, осы сауалдарға кім жауап береді?

Мұны «гастарбайтерлердің» тірлігі ғой деп, жылы жаба салуға болмайды. Тәуелсіз елміз, өз заңымыз, ұлттық намысымыз бар. Демек, мемлекеттік рәміздерді өзіміз ғана емес, өзгеге де сыйлата білу үшін кінәлілерді қатаң жазаға тарту қажет. Өзгелер сабақ алатындай қатаң жазаланғаны жөн.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

Атырау облысы.