Спорт • 26 Қараша, 2019

Шорт-трекшілер Жапонияға аттанды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Жапонияның Нагое қаласында шорт-тректен әлем кубогының үшінші кезеңдік сайысының шымылдығы түріледі.

Шорт-трекшілер Жапонияға аттанды

Айтулы жарысқа Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков өзінің ең үздік шәкірттерін апаруды құп көріп отыр. Олар – Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Ольга Тихонова және Алена Волковицкая.