Қоғам • 26 Қараша, 2019

Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына 47,3 миллиард теңге аударды

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыдағы Қазақстан Баспасөз клубында халықты емханаға тіркеу науқаны нәтижелерін қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты кезінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев алматылықтар Медициналық сақтандыру Қорына 47,3 миллиард теңге аударғанын ресми түрде хабарлады.

Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына 47,3 миллиард теңге аударды

Ал 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2019 жылдың 21 қарашасынан дейін Медицианалық сақтандыру қорына 230 миллиард теңге түскен.

«Алматы қаласы бұрынғыдай өңірлердің ішінде төлемдер бойынша көшбасшылықты ұстап тұр – бұл қорға түскен қаражаттың бестен бірін құрайды. Оның ішінде МӘМС-ке Алматыдан 1 миллион 421 мың адамға түскен жалпы сома 47,3 миллиард теңгені құрайды. Төлемдердің негізгі бөлігін немесе 44,8 миллиард теңгені жұмыс берушілер аударып отыр», – деді филиал директоры.

Сондай-ақ, өзін өзі жұмыспен қамтып отырған 4900-ден астам алматылықтың өзіне құйған сақтандыру төлемдерінің бірыңғай жиынтық сомасы 16,7 миллион теңге болған.

Еске сала кету керек, 2019 жылдың қаңтарынан бастап елде Бірыңғай жиынтық төлем енгізілген болатын. БЖТ, басқа да әлеуметтік төлемдерден басқа, өзіне МӘМС төлемдерін де кіріктіре отырып, төлемшілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Бұл төлем табыс табуға ұмтылған, бірақ жалдамалы жұмысшылардың еңбегін пайдаланбайтын, жеке адамдардың жұмысын істеп немесе қызмет көрсететін жеке тұлғалар арасында қарастырылған. Төлем мемлекеттік деңгейде маңызды қалалар мен облыс орталықтарында 1 АЕК көлемінде, ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК құрайды. Яғни, Алматы қаласы үшін – 2 525 теңге.

Тілеухан Әбілдаевтің айтуынша, сақтандыру жүйесін енгізуге байланысты бірқатар жұмыстар атқарылып: нормативтік-құқықтық база жасақталып, үш деңгейлі медициналық қамтамасыз ету жүйесі бекітіліп, МӘМС-ті енгізуге байланысты ақпараттық жүйелер дайын болған.

 

АЛМАТЫ