Парламент • 27 Қараша, 2019

Жаңа технологияларды меңгеруге шақырды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Жастар Конгресі Кеңесінің Төрағасы Дариға Назарбаева «ZHASPROJECT» жобасы аясындағы «Арманда! Ұсын! Іске асыр!» атты үздік тәжірибелердің республикалық форумына қатысты.

Жаңа технологияларды меңгеруге шақырды

Жастар корпусын дамыту жобасы 2017 жылдан бері іске асып келеді және қоғамға нәтижелі бейімделуге қажетті өмірлік маңызды дағдыларды игеру мен дамытуға және жұмыспен табыс­ты қамтуға бағытталған.

Осы кезеңде еліміздің түкпір-түкпірінде жас­тар­дың 2 600 бас­тамасы қаржы­ландырылды.

Форум аясында қатысушылар өндірген өнімдердің көрмесі ұйым­дастырылды. Дариға Назар­баева үздік жұмыстармен таны­сып, жас кәсіпкерлермен әңгіме барысында жобалардың басым бөлігі әлеуметтік нақ­ты мәселелерді шешуге бағыт­талғанын ерекше атап өтті.

Форумға қатысушылар алдында сөз алған Сенат Төрағасы «ZHASPROJECT» жобасына қолдау білдірді және әлеуметтік бағыттағы жас кәсіпкерлерді қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде меңгеруге және олардың даму барысын қадағалауға шақырды. «Алға қарай бүгін қадам жасамасақ, ертеңгі күні бес қадам артта қаламыз», деді ол.

Д.Назарбаева мүмкіндігі шектеулі және дамуында ерек­шеліктері бар жас азаматтарды әлеуметтік және экономикалық белсенді өмірге тартудың маңызын атап өтті. Сенат Төр­ағасының айтуынша, қоғам мен мемлекет оларға көбірек мән бе­ріп, қамқорлық танытуы тиіс, сондай-ақ олардың әлеуметтенуі мен жұмыспен қамтылуы үшін барлық жағдайды жасауы қажет.