Қазақстан • 27 Қараша, 2019

Комиссияның кезекті отырысы өтті

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Комиссияның кезекті отырысы өтті

Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының адам капиталын дамыту саласындағы серпінді жоба екенін атап өтті.

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің Шетел­­­­де кадрлар даярлау жөніндегі рес­пуб­­­­ли­­калық комиссияның хаттамалық тап­сыр­­маларының орындалуы туралы есебі тың­далды, сондай-ақ «Болашақ» бағдарла­масының іске асырылуына қатысты бір­қатар мәселе талқыланды.

Комиссия шешімімен магистратура мен докторантурада білім алу үшін 234 үміткерге стипендия тағайындалды, соны­мен қатар олар әлемнің жетекші ғылы­ми және өндірістік ұйымдарына тағылым­дамаға жіберіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия «Болашақ» халықаралық стипен­дия­сының тиімділігі мен ашықты­ғын арттыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Әсі­ресе экономика саласын дамытудың перс­пективалары негізінде еңбек ресурсы балан­сын­дағы өзгерістерді ескеру жайы айтылды.

Мысалы, 2020 жылдан бастап «Бола­шақ» халықаралық стипендиясын іске асыру­дың жаңа тәсілдері енгізілетін болады. Бұл конкурстық іріктеуді жүргізу тетік­терін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі рес­пуб­ликалық комиссияның жұмысын оң­тай­ландыруды, жұмыс органының жауап­кершілігін арттыруды көздейді. Сонымен қатар стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық үдерістер қосымша реттеледі.