Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Алматыны әлемдік кино түсіретін алаңға айналдыруға ниеттіміз - Б.Сағынтаев

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада шетелдік және отандық кинокомпанияларға фильм түсіруді ұйымдастыруға көмектесетін жаңа құрылым пайда болатынын Almaty Investment Forum алаңында айтты.

Алматыны әлемдік кино түсіретін алаңға айналдыруға ниеттіміз - Б.Сағынтаев

Әкімнің айтуынша, Алматы – фильм түсіруге ыңғайлы қала. Алматының ауа райы өте қолайлы. Бес климаттық аймақ бар. Керемет ландшафттар мен дамыған инфрақұрылым кез-келген жанрдағы фильмдерді түсіруге ыңғайлы.

«Қазірдің өзінде Алматы мен Алматы облысына шет мемлекеттердің студиялары музыкалық бейнеклиптер, жарнама мен деректі фильмдер түсіруге жиі келеді. Қала әкімдігі жанынан барлық жағдайды жасау үшін Almaty Film Commission арнайы құрылым құрылды. Бұл «бір терезе» қағидаты бойынша шетелдік және отандық кинокомпанияларға Алматыда да, кино түсіруді ұйымдастыруға көмектеседі», - деді Бақытжан Сағынтаев Almaty Investment Forum аясында.

Әкім кино бизнесі, білім беру және мемлекеттің тығыз өзара іс-қимылының арқасында біз отандық кинематографияны дамытып, Алматыны әлемдік кино түсіретін алаңға айналдыруға ниетті екенін атап өтті.

«Бұл тек біздің қаламыздың беделін көтеріп қана қоймайды, сонымен бірге туризмнің дамуына, орта және шағын бизнестің дамуына көп әсер етеді. Мен сонымен қатар анимация өндірісіне тоқталғым келеді. Кеңес дәуірінде Алматы анимация мектебі жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Қазір анимациялық студиялар іс жүзінде жоқ - бұл инвестициялар үшін үлкен резерв. Біздің аниматорлардың үлкен әлеуетке ие екендігіне сенімдімін, оны дамыту қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.