Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Ақтауда «Такси» шарасы өтті

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушылар көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты, автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, жолаушыларды тасымалдау қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында Маңғыстау облысының аумағында көліктік бақылау инспекциясы және мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлерімен бірлесіп «Такси» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда «Такси» шарасы өтті

Іс-шараны өткізу барысында облыс бойынша такси жүргізушілерімен жасалған 93 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталды. Атап айтқанда,  заңсыз жолаушыларды тасымалдау бойынша  80, заңсыз қайта жабдықтау бойынша 1, көлік құралын ұялы телефон қолданып басқару бойынша 4  және көлік құралын міндетті сақтандыру полисі жоқ және тиісті құжаттары жоқ күйде басқару бойынша 1 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

 

 

Маңғыстау облысы