Қоғам • 27 Қараша, 2019

AIF – 2019: Алматы әкімі жаңа медиа өкілдері туралы айтты  

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімінің түсіндіруінше, жаңа медиа өкілдері – блогерлер индустриясы Алматыда жедел қарқынмен дамып келе жатыр. «Жаңа медиа платформасының дамуына YouTube және Instagram  үлес қосып жатыр. Бұл – қаржы табудың мүмкіндігі. Алматыдағы жас блогерлер аз ғана уақыт ішінде тамаша жетістікке қол жеткізіп үлгерді. Олар тек Қазақстанда ғана емес, ТМД-да, Орталық Азияда да танымалдылыққа ие» деп атап өтті Б. Сағынтаев.

AIF – 2019: Алматы әкімі жаңа медиа өкілдері туралы айтты  

Қала басшысы, сондай-ақ, контент нарығы үшін тапсырыс берушілер мен орындаушылар  арасындағы келісімшарттардан тұратынын айтты. Бұл үрдіс біздің Алматыға да келіп жетті. Қазір блогерлер арасында құны 1 млн АҚШ долларынан асатын келісмшарттармен жұмыс істеп жатқан жастар жетеді.

«Аудиовизуальды контент нарығын дамытуға мүмкіндік туып тұр. Нарықтың бұл сегменті Орталық Азия елдерін қамтып үлгірді. Осылардың ішінде ең креативиті қала ретінде мен Алматыны айтар едім» деп атап өтті қала әкімі.

Қала әкімі, сондай-ақ, Алматымен өзін байланыстыратын тек мемлекеттік қызмет ғана емес екенін жиналғандардың қаперіне салып өтті.

Алматы Бақытжан Сағынтаев үшін жастығына куә болған, алғашқы махаббатын кезіктірген жанына жақын қала.      

«Алматының әрбір бұрышында жаныма жақын естеліктерді еске салып тұратын тарих тығылып жатыр. Мен Алматыға әкім болып тағайындалған сәтте туған қалама қайта оралғандай әсерде болдым» деді Б. Сағынтаев. 

 

АЛМАТЫ