Президент • 27 Қараша, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі Ш.Айтматовтың зиратына гүлдесте қойды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік сапармен Қырғызстан астанасы Бішкекке келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен бірге «Ата-Бейіт» мемориалдық кешеніне барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі Ш.Айтматовтың зиратына гүлдесте қойды

Президенттер марқұмдардың рухына тағзым етті. Мемлекет басшылары Шыңғыс Айтматовтың бейітіне гүлдесте қойды.

Қазақстан Президенті осы сапар аясында Сооронбай Жээнбековпен екіжақты кездесу өткізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 5-отырысына қатысады деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты іс-қимылдар мәселесі талқыланбақ.

Мемлекет басшысы 28 қараша күні өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

 

Бішкектен