Президент • 27 Қараша, 2019

Қ.Тоқаев Ала Арча кешеніне келді

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік сапармен Бішкекке келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы Президентінің резиденциясы Ала Арча кешеніне ат басын тіреді.

Қ.Тоқаев Ала Арча кешеніне келді

Қырғыз Республикасының Президенттік оркестрі Қазақстан Президентінің құрметіне орай екі мемлекеттің ресми гимнін орындады, Құрметті қарауыл басшысы тиісінше рапорт берді. Қалыптасқан рәсім бойынша Президенттер қол алысып, бірге фотосуретке түсті.

Қазақстан Президенті осы сапар аясында Сооронбай Жээнбековпен екіжақты кездесу өткізеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 5-отырысына қатысады деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты іс-қимылдар мәселесі талқыланбақ.

 

Арнұр АСҚАР,

«Egemen Qazaqstan» – Бішкектен