Ала Арча резиденциясының «Ақсақалдар» залында өткен кездесуге еліміздің делегациясы сапынан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Үкімет басшысының бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Нұрпейісов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты.
Екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.
Арнұр АСҚАР,
«Egemen Qazaqstan» – Бішкектен