Президент • 27 Қараша, 2019

Қ.Тоқаев: Мемлекетаралық кеңес маңызды саяси шешім қабылдауға ықпал етеді

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік сапары аясында Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековпен шағын құрамда кездесу өткізген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Мемлекетаралық кеңеске жоғары баға берді.

Қ.Тоқаев: Мемлекетаралық кеңес маңызды саяси шешім қабылдауға ықпал етеді

Жоғары Мемлекетаралық кеңестің осыған дейінгі 4-отырысы 2014 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткенін, содан бергі аралықтағы жұмысында үзіліс болғанына қарамастан бұл Кеңес қарым-қатынастардың барлық спектрінде екіжақты маңызды саяси шешімдерді қабылдауға ықпал ететін әріптестіктің жоғарғы органы болып қала беретінін айтты.

– Соңғы екі жылдағы сауда соғыстары, санкциялық текетірестер, халықаралық нарықтағы конъюнктураларды нашарлатты. Бұл қиындықтарға қарамастан біз өзара әріптестіктің жоғары деңгейін сақтадық. Қырғызстан Қазақстан үшін қайырымды дос, одақтас және бауырлас мемлекет болып қала береді,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Арнұр АСҚАР,

«Egemen Qazaqstan»  – Бішкектен