Биыл қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда 10109 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1,3 мың адамның өмірі қиылған. Өзектілігін жоймаған осы бір мәселе жайлы кеңірек білгіңіз келсе, газет тілшісі Рауан Қабидолданың «Жолға шықсаң, тағдырың қыл үстінде...» мақаласын оқыңыз.
Саясаттағы сан түрлі ақпараттар, ауылдағы ауыз су мәселесі, еліміздегі «Электронды үкімет» туралы және басқа да маңызды мақалалар, салмақты сараптамалар, сүбелі сұхбаттар да газеттің бүгінгі санында.
Тұңғыш Президенттің тұлғалық қабілетін «Ел және Елбасы» бетіндегі «Бірегей» деп аталатын мақаладан оқып, таныса аласыздар.
Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл «Әкенің қас-қабағы – баланың бас сабағы» атты мақаласында ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөліне тоқталып, «Əкенің балаға беретін ең үлкен сыйлығы – дұрыс тəрбие» деген тәлімді тәмсілді келтіреді.
«Алматы» бетіндегі әлеуметтік һәм мәдени материалдардың да мәні зор.
Құқық пен руханияттағы құнды мәліметтерді, спорт пен қоғамдағы жан-жақты жаңалықтарды білгіңіз келсе «Егемен Қазақстан» газетінің 27 қарашадағы санын немесе egemen.kz сайтын оқи жүріңіздер.