Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Ақтауда полицейлер студенттермен кездесті

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде студенттермен кездесу өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда полицейлер студенттермен кездесті

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі А. Халмұрадов, облыстық білім басқармасы басшысы А.Сейдалиев жасөспірімдер арасында орын алатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында ашық сұхбат жүргізді.

Кездесу барысында Ақтау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция бөлімі арнайы дайындаған бейнероликтерін назарға ұсынды.

Шараға білім беру мекемелерінің, қала аумағында орналасқан 16 колледждің ұжымы мен студенттері қатысты. Кездесу соңында сауалдар қойылып, балаларға ақыл-кеңестер берілді. Шара барысында статистикалық мәліметтер айтылып, алдағы уақытта жасөспірім тәрбиесіне назарды күшейту қажеттілігі туралы түсіндірілді.

 

 

Маңғыстау облысы