27 Қараша, 2019

150-пәтер табысталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМДБ «Зекет» қорының Өскемен аймақтық бөлімінің ұйытқы болуымен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылының тұрғыны, көпбалалы Д.Алтайханның отбасына 4 бөлмелі үй берілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

150-пәтер табысталды

Ізгілік шарасы Мәуліт мерекесінің қарсаңында «Мейірім нұры» атты рухани кеште жасалды. Баспана кілтін ҚМДБ Уағыз-насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Батыржан Мансұров және ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы табыс етті. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ел үлесі-пәтерге» акциясын жариялаған болатын. Осы акцияның нәтижесінде ел көлемінде бүгін міне, 150-інші отбасыға баспана табыс етіліп жатыр. Бұл Алла Елшісінің (с.ғ.с) ардақтаған ең бір сауапты істерінің бірі, ұйымдастырып жатқан өкілдіктің үлкен еңбегінің нәтижесі» деді Б.Мансұров.

Баспанаға ие болған көпбалалаы Д.Алтайханның отбасы игі істі ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. «Ел үлесі-пәтерге» жобасы өңірде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

ӨСКЕМЕН