Бұл – халықаралық медиа қоғамдастық өкілдері үшін өте маңызды оқиға Кеше Астана төрінде орналасқан «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінде 10-шы Еуразия Медиа-форумы өз жұмысын бастады. Бұл Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен, дәлірек айтқанда, 45-тен астам мемлекеттен 430-ға тарта қатысушы келді. Алқалы жиынның Қазақстанның елордасы – Астана қаласында алғаш рет өткізілуі және оны 200-ге жуық қазақстандық және шетелдік журналистердің жан-жаққа таратуы Форумның маңызы мен өзектілігін арттыра түскені анық. Форумның модераторы ретінде алғаш сөз алған «Әл-Жазира Инглиш» телеарнасының белгілі жүргізушісі және продюсері РизХан «Қазақстанның астанасына, осындай ерекше әрі сәулетті қалаға атбасын бұруым мен үшін айрықша құрмет», деп атап өтті. Бұдан кейінгі кезекте сөз сөйлеген еліміздің Үкімет басшысы СерікАхметов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 10-шы Еуразия Медиа-форумына қатысушыларға арнаған Құттықтау сөзін оқып берді. Құттықтауда: «Құрметті жиынға қатысушылар! Мерейтойлық оныншы Еуразия Медиа-форумының ашылуына орай менің құттықтауымды қабыл алыңыздар! Он жыл ішінде Еуразия Медиа-форумы қазіргі заманның мейлінше көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасатын жаһандық ауқымдағы бірегей үнқатысу алаңына айналды. Бұл – тек Қазақстан ғана емес, халықаралық медиа қоғамдастығының барлық өкілдері үшін де маңызды оқиға. Әлемнің жетекші сарапшылары Форумда XXI ғасырдың заманауи сауалдарына ғаламдық тұрғыда зерделі жауап табады. Ақпараттың ғаламдық деңгейде қолжетімділігі мен жариялылығы дәуірінің басталуы БАҚ-қа талапты күшейтіп, олардың қоғам алдындағы моральдық жауапкершілігін арттырады. Оныншы Еуразия Медиа-форумы геосаясат пен медиа саласындағы түйіндерді шешу жолдарын іздестіруде журналистер, саясаткерлер және қоғам қайраткерлерінің күш-жігерін жұмылдыруға ықпал етеді деген сенімдемін. Сіздерге қызықты жүздесулер, пайымды пікірталас, шабыт және шығармашылық табыс тілеймін!», делінген. Президенттің құттықтау сөзін жеткізген Серік Ахметов бұдан кейінгі кезекте Қазақстан Үкіметі атынан Форумға қатысушыларды мерейтойлық оныншы Форумның өтуімен құттықтады. «Мен Қазақстан Үкіметі атынан мерейтойлық Форуммен құттықтаймын. Сіздердің нәтижелі пікірталастарыңыз бен кеңестеріңіз халықаралық медиа кеңістіктің және Қазақстанның ақпараттық қоғамдастығының дамуына ықпал етіп, өзінің ауқымды үлесін қосады деп ойлаймыз», деді Үкімет басшысы. Форум барысында Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі РаминМахманпарас сөз алып, өз сөзін қазіргідей тарихи тұрғыда маңызды және өте күрделі өңірлік кезеңдер жағдайында осындай ауқымды жиынды – Еуразия Медиа-форумын ұйымдастырушыларға ризашылық сезімін жеткізуден бастады. Дәл қазіргі кезеңде әлемде және Таяу Шығыста ерекше жағдай қалыптасып отыр. Өңірлік және халықаралық деңгейдегі түрлі саяси, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстар сөзсіз үлкен өзгерістерге алып келеді. Батыс әлемі бір жағынан әлеуметтік-экономикалық саладағы үлкен қиындықтармен бетпе-бет келсе, екінші жағынан исламдық ояну мен жаңару толқыны Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка мемлекеттерінің басқарушы органдарына айтарлықтай өзгерістер алып келді. Бүгінде ірі державалар билік құрылымының өзгергенін қаламайды, сондықтан осы үдерістің алдын алу үшін олар түрлі амал-тәсілдерге сүйеніп, мақсатты түрде дағдарыстар ойлап тапты, деді ол. Исламофобия мен иранофобия толқынын құру және тарату, өңірлік мемлекеттер арасындағы қарама-қайшылықтарды қоздыру, өңірлік ынтымақтастық пен интеграцияны қаламау, түрлі пиғылдағы террористік және экстремистік топтардың іс-әрекетіне барлық жағдайды жасау ірі державалардың күн тәртібіне енгізілген. Ал олар өздерінің мақсаттарына бұқаралық ақпарат құралдары а
Алматы облысында үш ауысымды мектептердің мәселесі қалай шешіліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 15:55
Президент энергетиктерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Президент • Бүгін, 15:20
Қосшыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі төмендетілді
Оқиға • Бүгін, 15:11
Ауыл – біздің мәдениетіміз бен дәстүріміздің негізі - Ерлан Қошанов
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Президент • Бүгін, 14:09
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 13:24