-Техникалардың тозуы, жетіспеуі үлкен мәселе туғызуда. Осы проблеманы шешу мақсатында биыл жергілікті бюджеттен қаражат қаралып, 5 реаномобиль алынды. Республикалық бюджет есебінен 22 көлікке тапсырыс бердік, келер жылдың бірінші тоқсанында жеткізіледі, дейді Е.Сүйеуғалиев.
Қазір облыс бойынша 94 реаномобиль бар. Оның 24-і тозығы жеткен, 26-сы күрделі жөндеуді қажет етеді. Халыққа 41 көлік қызмет көрсетуде. Соңғы жылдары жедел жәрдем стансасының жұмыс сапасын жақсартуға айрықша назар аударылып, жаңа медициналық құрал-жабдықтар алынды. Жыл басынан бері 78 маман жұмысқа қабылданды. Жазатайым оқиғаларды азайту мақсатында алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша еріктілерді арнайы оқытуға да маңыз беріліп отыр.