«Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларының бірі еңбек нарығының қажеттілігіне сәйкес колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін Жастар тәжірибесін ұйымдастыру болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты – бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жағдай жасау, біліктілікті арттыру, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.
Ағымдағы жылдың басынан оқу орындарының 1025 түлегі Жастар тәжірибесіне қатысуға жіберілді. Бүгінде бағдарламаға қатысушы жастарға төленетін айлық жалақы мөлшері 70 139 теңгені құрайды.
Естеріңізге салсақ, жастар тәжірибесіне қатысушыларға еңбекақы төлеу республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және қатысу мерзімі 6 айдан аспайды», делінген хабарламада.