Аймақтар • 28 Қараша, 2019

Маңғыстауда биыл 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Маңғыстауда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 961 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Аймақ басшысының айтуынша, Қазір облыста құны 22 млрд теңгені құрайтын 32 жоба іске асырылуда.

Маңғыстауда биыл 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Негізгі мақсат – тұрғындарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедек балалары бар, көпбалалы аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар) қолжетімді тұрғын үймен қамту. Бүгінде облыста аталған категорияда 8 491 отбасы бар.

Биыл жалпы көлемі 1,2 млн шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарланып отыр. Осы үйлердің біраз бөлігі аз қамтылған отбасыларына тапсырылмақ. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарын қол жетімді тұрғын-үймен қамту мақсатында тұрғын үй сертификаттарын беру (212 сертификат мақұлданды, 17 сертификат алынды) және Ақтау қаласынан пәтер сатып алу шаралары қабылданды (1,7 млрд теңгеге 205 пәтер).