22 Шілде, 2013

Ең негізгі байлығымыз – бейбітшілік пен келісім

490 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

131112-5

Бұл күнге қалай жеттік? Тәуелсіздік таңы атар тұста біз қандай болдық? Қай қоғамда, қалай өмір сүріп жатқан едік? Ойымызды сол кезеңдерден бастасақ, кешегі күннің қиындығы мен бүгінгі күннің жетістігі айқын көрінеді.

Қайта құру және одан кейінгі қуатты мемлекет – КСРО-ның құрамында болған респуб­лика­лар­дың тәуелсіздігі, сондай-ақ өткен ғасырдың 90-жылдарында бастал­ған әлеуметтік, экономикалық, сая­си, құқықтық реформалар өз мақ­саттарына орай мемлекеттің жалпыадамзаттық, қоғамдық-сая­си, рухани-адамгершілік, әлеу­мет­тік-экономикалық арқалығы мен тіреуін жаңартуды жариялады. Бірақ қайта құру кезеңінде және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бірнеше ондаған жыл­дар­дағы коммунистік жүйеде қа­лып­тасқан қоғамдық сананы және сая­си түсінікті қайта өзгерту, сон­дай-ақ мемлекетті демократияға қарсы режімде басқару бойынша құрылған қоғамдық-саяси құры­лым­ды, мемлекеттің құқықтық тіреуін қайта қалыптастыру көп­теген қиындықтар туғызды. Осын­дай өте күрделі жағдайда қай­та құрудың және саяси ре­фор­малардың көздеген мақсаты нақ­ты іс-әрекеттер мен бағдар­ла­ма­лардың болмауына байланысты нақтыланбағандықтан, экономи­ка­лық тірек пен әлеуметтік же­тістіктер кері әсер берді.

Біздің көпшілігіміз тарихи-сая­си бей-берекетсіздіктің куәсі болдық. Оның негізінде жекелеген қарсы тұрушылықтар мен жанжал туғызған жағдайлар және ұлтаралық қақтығыстар да көрініс бергені жасырын емес.

XX ғасырдың соңғы он жылы осындай оқиғалармен сипатталды. Бірі социалистік елдердің, екін­шісі өткен заманда осындай құбылыстардың көлемі бойынша алда болған капиталистік елдер лагерінің басында тұрған КСРО мен АҚШ қалыптасқан жалпы­әлемдік тәртіпті бұзуға әкеліп соқтырған ауқымы кең қайта құ­рулардың негізгі бастаушысы болды. Әлемдік саяси ахуал көптеген мықты мемлекеттердің мүд­деле­ріне ықпал ететін болғандықтан, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мына әлем тағы да құрып кетудің алдында тұрды.

Осындай жаһандық сипаттағы «қайта бөлудің» соңында біздер – қазақстандықтар 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Респуб­ли­касының Тәуелсіздік алуымен үлкен жеңіске жеттік. Бұл жеңіс бізден қуатты күш пен үлкен шы­дамдылықты талап етті. Барлық қайта құруларға қарамастан, қа­зақ­стандықтар еңселі мемлекеттің жоғары деңгейге көтерілу жолында саяси, әлеуметтік, экономи­ка­лық катаклизмалардың барлығ­ы­нан мойымай өтті. Осындай бар­лық сынақтарға шыдап, жеңіске жету үшін Тұңғыш Президентіміз – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан На­зарбаевқа деген халықтың үл­кен сенімі негізгі қолдау болды. Мемлекет басшысы өз елінің патриоты ретінде еліміздің бола­ша­ғын биіктен көріп, сол биік бе­лес­терді бағындыру жолында аянбай еңбек етуде. Халық айтқандай, біз­дің Президент сияқты адамдар 100 жылда бір-ақ рет туады. Нұрсұлтан Назарбаевты – Ұлт көш­­басшысын, жаһандық ядро­лық қаруға қарсы қозғалыстың бас­­тамашысы, бітімгерші, саяси гроссмейстер, интеграциялық үде­­рістердің ұлттық талғамы, саяси салмағы, қозғаушы күші, идея­лардың генераторы деп атайды, ал ең негізгісі Елбасына ха­лық се­неді.

Мемлекетімізге басшылық жа­саған жылдар ішіндегі Нұр­сұл­тан Назарбаев ұсынған қай идеяны алып қарасаңыз да, уақыт өте келе, Елбасы бастамалары өзекті болып, басты қажеттілікке айналады, қазіргі әлемнің талаптарына жауап береді, ол саяси, эко­но­ми­ка­лық, әскери, аймақтық, діни жә­не басқа да халықаралық ұйым­дардың негізгі бағытын құрайды.

Жаратылысынан біртума Ұлт көшбасшысы, сарқылмайтын та­би­ғи дарын иесі, ұстанымына бе­рік, рухани байлығы мол Нұр­сұл­тан Назарбаев өткен жүзжыл­дық­тағы ең ұлы саясаткерлердің ға­ла­мат қасиеттерін өз бойына жи­на­ған. Танымал мемлекет қайраткері Ахметжан Есімов: «Егемен Қазақ­станның Тұңғыш Президенті әлемге танылған тұлға, ол тарихта тұңғыш болғандығына байланыс­ты қалмайды. Бұл жағдайда «тұңғыш» делінген реттік саны өте маңызды емес. Дара тұлғаның тарихтағы рөлін бағалауға әсер ететін аса маңызды факторлар бар», деп мәселенің мәнісін дәл тауып көрсетті.

Француздың әйгілі философ-материалисі Дени Дидро олардың шығуына және дамуына қоғам­дық жағдай болған жерде, қо­лай­лы кезең туғанда ұлы дарындылар өмірге келетіні туралы өте дұрыс айтқан. Қазақстан үшін сондай жағдай, сөз жоқ, Қазақс