Осыдан 15 жыл бұрын, 1997 жылдың қазанында қабылданған «Қазақстан-2030» Стратегиясы жария етілген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына алғаш рет арнаған Жолдауының куәгері болған сәттер күні бүгінгідей есімізде. Ол тәуелсіз Қазақ елінің әлеуеті әлсіреп, өндірістің барлық саласы жаңа талаптарға лайықтала алмай жатқан кезең еді. Шәкәрім дананың: «Біреудің жайын сынамақ бұрын, оның өмір сүрген ортасына, өміріне байыппен көз жібер, жағада қайық күтіп тұрып, қайық келмес бұрын жүкті арқалап тұрған жолаушыға ұқсама. ...Мені білу үшін, мен мінген қайыққа мін, сонда ғана өмір жайымды түгел ұғасың, сүйінішім мен күйінішімді, күйзелісімді түсінесің, сонда ғана анық танырсың кімдігімді...» дегені бар емес пе. Міне, ол кезде жұрттың бәрі ертеңді ойлауға шамасы келмей, «айлығымыз бен зейнетақымызды уақытында алсақ, мемлекеттік қолдаулар өз уақытында берілсе» деп жүрген тұста, бірінші сайланған қос палаталы Парламенттің депутаттары мен жиынға қатысқан көптің қай-қайсысының болса да, тым болмағанда, сеніміне күдік қосыла өрілгені түсінікті шығар. Қандай жаңалық болмасын, ылғи да сынаушылар табыла кететіні бар емес пе. Кей адамдар: «Апырау, халық жоғының бір ұшын бір ұшына жалғай алмай жатқанда, бес жыл емес, Хрущевтың жеті жылы да емес, 33 жылдың жоспарын бір-ақ жасауы қалай?» дегенді де естідік. Дегенмен, Стратегияда көзделген мақсат – бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға, ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізетін тәуелсіз, экономикасы жетілген және саяси тұрғыдан тұрақты мемлекет орнату екеніне көз жеткізген азаматтар да аз болмады. «Қазақстан-2030» Стратегиясынан еліміздің өзіне дербес даму жол таңдап, алға қарай нық сеніммен ілгерілеуді мақсат тұтқаны айқын көрінеді. Стратегия Қазақ елінің шын мәніндегі ұлы таңдауы, мемлекетіміздің жүйелі, келелі бағытта ілгері дамуына негіз болды. Стратегия елдің жағдайын бақылап-барлап отыратын көзі ашық қауымға бірден түсінікті бола кетті десек, артық айтқандық болар, бірақ ел ішінде бұрын болмаған сілкініс туғызды, елдің болашағына деген сенім, біз ескексіз қайықта келе жатқан жоқ екенбіз, уақыт өте келе еліміз озық мемлекеттермен теңесетін, терезесі тең елге айналатын мүмкіндік бар екен деген үміт отын тұтатты. «Қазақстан-2030» ел өмірінде жаңа дәуірдің басталатынын көрсететін жетілу нүктесі болды. Нақ сол уақыттан Қазақстан нарықтық экономикаға мықтап көшу мен демократиялық дамудың асуларын біртіндеп игеріп, дәйектілікпен ілгері адымдай бастады. Сонымен, 1997 жылғы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл ретте қандай қоғам орнатқымыз келетіні, дамуымыздың самғау сызығы қандай болуы қажеттілігі болжанды. Басым мақсаттар дұрыс айқындалды. Соның нәтижесінде Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп келеді, стратегиялық жоспардың орта шеніне келгенде біз өз дамуымыздың сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам бастық. «Қазақстан-2030» бағдарламасында Президент: «Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттілік құру, саяси және экономикалық реформалар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз, қазақстандықтардың төзімділігі мен түсінушілігі бізге қосымша күш-қуат пен сенімділік үстейді. Кеше әлі ерте болатын-ды, ал ертең кеш болып қалуы мүмкін», деді. Сол «ерте» мен «кештің» арасындағы таңдау елімізді сара жолға бастады. Әдетте: «Өткен күнде белгі жоқ», деп айтылады. Менің ойымша, бұл – түрлі жағдайда түрлі мағына берер тұжырым. Біз сөз етіп отырған еліміздің болашақтағы даму стратегиясын айқындайтын құжатқа қатысты қарастырар болсақ: «Өткен күнде неге белгі болмасын», дегің-ақ келеді. Өткен күннің белгісінің басы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның алдағы кезде жүйелі, дәйекті дамуы тиіс деген тағдырнамалық талабының орындалуы. Сол жылдан бастап жыл сайын Президент Парламент аудиториясынан Қазақстан халқына Жолдау арнап, оларда алдағы мерзімде шешілуі тиіс түйінді мәселелер қозғалатын болд ы. Содан бері биік мінберден айтылған талай тұжырымдар мен бағдарламалардың әрқайсысы өз алдына бір тарих. Стратегиялық құжаттың қабылданғанына 15 жыл өтті. Барлап қарағанда, біз мынадай жетістіктерге жеткеніміз айдан анық: – бізде жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасы толық қалыптасты, жаңа заманға лайық қоғамдық институттар пайда болды, өмір сапасы жылдан жылға артты; – біз елімізде ішкі тұрақтылыққа қол жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз еттік; – Қазақстан аймақтағы геосаяси тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында маңызды міндеттерді атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі болды; – экономиканың тұрақты дамуы қазақстандықтардың әл-ауқатын жыл санап жақсарта түсуге мүмкіндік берді; – бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті ретінде қабылданып, жүзеге асырыла бастады; – еліміздің әлемдегі озық елу елдің қатарына енуі нақты мақсат ретінде қойылды. «Қазақстан-2030» Стратегиясы қабылданғалы бері дәстүрге айналған жыл сайынғы Жолдаулар сол стратегияда қойылған мақсаттар мен талаптарды ұштаушы, жалғастырушы, дамытушы рөл атқарып келеді. Нақты мысал ретінде айтсақ, Президентіміз Қазақстан халқына 2004 және 2006 жылдардағы жолдауларын Қазақстан мемлекеті бәсекеге қабілетті болып жетілуі тиіс деген тақырыпқа арнады. 2004 жылғы Жолдау «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін!» деп аталса, 2006 жылғы Жолдау «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» делінді. 2004 жылғы Жолдауда елдің бәсекелестік қабілетін арттыру траекториясының параметрлері белгіленіп, басым бағыттар әлеуметтік салаға арналатыны баса айтылды. 2006 жылғы Жолдау мәселені нақтырақ қойды: Қазақстанның жақын онжылдықта әлемдегі ең дамыған және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруін биліктің негізгі саяси бағыты деп санаймыз деді. Талдап көрелік, бәсекеге қабілетті болудың қандай компоненттері бар, озық елдердің қатарынан табылу үшін нендей шарттар орындалуы тиіс? Өткен ғасырдың ортасынан бастап-ақ әлемнің өзгерістерге ұшырауы жедел қарқын алды. Оған ғылым мен техниканың дамуы, жаңашылдықтың игі үрдісінің басталуы әсер етті. Бұрынырақтағы саясаткерлер мен ғалымдардың қорғану мен соғыс ашуға қажетті құралдарды ойлап табуға ұмтылысы артығырақ болған болса, енді бейбіт жағдайда ілгері дамудың қандай жетістіктеріне жетуге тиіспіз деген мәселе күн тәртібінде алдыңғы орынға шықты. ХХ ғасырдың 50-жылдары ғылыми-техникалық прогресті дамыту деген ұран болды. 70-жылдары индустриялық қоғам құру керек деп ұмтылдық, одан оншақты жыл өткенде постиндустриялық қоғам құру идеясы көтерілді. Өткен ғасырдың 90-жылдары микроэлектрониканың, есептеу техникасы мен ақпараттық технологияның жетілуімен әлемдік даму тағы бір сатыға алға жылжыды. Ол кезде оған ақпараттық қоғам деп айдар тағылды. Енді қазір жоғары бәсекелестікке ие, өнімділіктің биік деңгейіне жеткен елдер білім экономикасына негізделген қоғамның құрылысы жайында сөз ете бастады. Бұл жай сөздер емес, бір кездері Кеңес Одағының жетекшілері жыл сайын жаңартып, әбден мезі еткен бесжылдықты үш жылда орындау, жеделдету деп жылдарға айдар тағуға ұқсамайды. Білім экономикасына негізделген қоғамның іргесі қалануына әлемдегі жаһандану үдерісінің аса үлкен жылдамдықпен дамуы себеп болуда. Әлем бірте-бірте үлкен бір деревняға айналып бара жатқандай. Елдердің арасындағы тауар мен қызмет алмасу өте интенсивті жүргізілуде. Капиталдың экспансиясы кең көлемде үдеуде. Халықаралық экономикалық байланыстар кеңи түсуде. Осының бәрі бізге бүгінгі дәуірде жаһандану үдерісі кең дамыған ғалам деуімізге негіз болады. Бұрындары да жаһандану үдерісі дамып келе жатқан еді, бірақ оның ғаламдық деңгейде таралуына Кеңес Одағы, Шығыс Еуропа елдері, яғни социалистік құрылыстағы елдер тосқауыл-тұғын. Бәлкім, олардың ыдырауына осы жаһандану үдерісі де себеп болған шығар. Жаһандануға қандай факторлар ықпал етуде? Алдымен, бұл – елдер мен экономиканың түрлі секторларындағы тауарлар қозғалысы. Сауданың дамуы, стратегиялық тұрғыдан қарағанда, елдің дамуы мен экономиканың өсуіне қажет. Бәсекеге қабілеттілік елдің рөлі мен абыройының өсуімен, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешуге қабілеттілігімен, мемле
«AMANAT»-та «Ұлы дала» әдеби байқауы қорытындыланды
Руханият • Кеше
Деректер журналистикасы бойынша оқу курсының таныстырылымы өтті
Аймақтар • Кеше
«Egemen» де, домбыра да сыйлады
Руханият • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
Президент • Кеше