Қазақстан • 28 Қараша, 2019

Педагогтардың жалақысы 25%-ға көбейеді

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыс болып өтті. Жиынға Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов қатысты.

Педагогтардың жалақысы 25%-ға көбейеді

«Мемлекет басшысының тамыз конференциясында берген тапсырмасы аясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтердың жалақысы 25%-ға көбейеді деді өз сөзінде А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, заң жобасында мұғалімдердің өз құзыретін арттыруға бағытталған материалдық ынталандыру нормалары да қарастырылған. Мектептерде педагог қызметкерлердің сапалы әлеуетін арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар тұлғалар үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы көзделеді. Жалпы Заң жобасы шеңберінде мәртебені арттыру жөніндегі жаңашылдықтар барлық мұғалімдерге әсер ететінін атап өткен жөн.