Аймақтар • 28 Қараша, 2019

Алматыда «Ата өнері – ұрпаққа мұра» атты кездесу өтті

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы республикалық Достық үйінде «Қазақтану» жобасы аясында «Ата өнері – ұрпаққа мұра» деген атаумен іс-шара өтті. Оған еліміздің мәдениет қайраткерлері, қол өнер шеберлері, белгілі ғалымдар мен танымал спортшылар, этномәдени бірлестіктері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы және зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алматыда «Ата өнері – ұрпаққа мұра» атты кездесу өтті

Аталған іс-шара барысында керемет концерттік бағдарлама, қазақтың ұлттық қолданбалы өнері мен ұлттық тағамдар көрмелері, қазақ халқының мәдениеті, тарихы және тұрмыс-тіршілігін насихаттауға бағытталған шеберлік сабақтары өткізілді. Жиынға қатысушылар мен қонақтар белгілі бір заттын пайда болу тарихы және оларды жасау әдіснамасы жайында көптеген құнды деректерге қанық болды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясының қолдауымен мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл жиынның басты мақсаты – қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті, философиясы мен құндылықтарын барынша насихаттау.

Жиын соңында ауыр атлетикадан әлемнің екі дүркін чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Майя Манеза, еркін күрестен спорт шебері, бірқатар дүбірлі додаларда дараланған Руслан Сымтықов, бокстан елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстанның студенттер құрамасының аға бапкері Дастан Сәдуақасов, аса дарынды балуан, жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Адлан Асқаров сынды спортшылармен мәнді де, мағыналы кездесу ұйымдастырылды. Олар өздерінің жүріп өткен жолдары мен қол жеткізген табыстары жайында тартымды әңгіменің тиегін ағытты.

12