Видео • 28 Қараша, 2019

"Егемен Қазақстан" газетінің 28 қарашадағы санына шолу

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бауырлас елмен байланыстың жаңа белесі жайлы мақаламен басталған «Егемен Қазақстан» газетінің 28 қарашадағы саны Тұңғыш Президенттің бірқатар кездесулерімен жалғасты.

"Егемен Қазақстан" газетінің 28 қарашадағы санына шолу

Басты басқосулар, маңызды мәслихаттар, түрлі түйткілді шемімдер туралы ақпараттарды саясат бетінен оқи аласыздар.

1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні екені белгілі. Осыған орай Елбасы жайлы тарихи-танымдық мақалалармен «Ел және Елбасы» бетінен оқып, танысуға болады.

Ел ішіндегі елеулі жаңалықтар мен экономикадағы салмақты сараптамалар да газеттің бүгінгі санында.

«Зерде» бетінде «Тұлға» айдарымен берілген «Кекілбаев кемеңгер» атты мақала да Смағұл Елубай Әбіш әлеміне саяхат жасап, Кекілбаевтың қазақ əдебиетіне қосқан үлесі туралы және айтылмай жүрген қырлары жөнінде сыр шертеді.

Қоғам, спорт, рухниятқа қатысты осы және өзгеде мақалаларды оқығыңыз келсе, «Егемен Қазақстан» газетінің 28 қарашадағы санын немесе egemen.kz сайтын оқи жүріңіздер.