Спорт • 28 Қараша, 2019

«Астана» «Manchester United» командасын ұтты

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өткен UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі «Астана» - «Manchester United» матчы 2:1 есебімен аяқталды.

 

«Астана» «Manchester United» командасын ұтты

Ойынның бірінші таймын ағылшын клубы 0:1 есебімен аяқтағанымен, екінші жартысында елордалық клубтың қақпасына гол сала алмады.

Ал Қазақстан чемпиондары үшін сәтті болған екінші таймда Дмитрий Шомко алғашқы допты қарсыластар қақпасына дәл теуіп, «Астана» үшін есепті ашты. 

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Ди'Шон Бернардтың автоголы нәтижесінде ойын есебі 2:1 болды.

Осылайша, «Астана» ағылшынның әйгілі командаларының бірінен басым түсіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. 

о

лл

л

ь

т