Руханият • 29 Қараша, 2019

Елбасы және мәдениет

335 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық музейде Тұңғыш Президент – елбасы Кітапхана­сының ұсынуымен егемендіктің негізін қалауға, үйлесімді қоғам құру мен ұлт тарихының жаңа кезеңіндегі Елбасы рөлін айқындайтын жаңаша көрме ашылды. Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы және мәдениет» көрмесінде кітапхананың мұрағаттық материалдар жинағы әртүрлі жанрдағы 170-тен астам құжатты ел назарына ұсынды.

Елбасы және мәдениет

Салтанатты жиынның ашылуына Игорь Рогов, Қуаныш Сұлтанов, Дархан Мыңбай, Азат Перуашев сынды бірқатар қоғам қайраткері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алғаш болып сөз алған Қазақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы кітап­ханасының директоры Әмірхан Рақымжанов жарқын болашаққа ұмтылу үшін бүкіл қоғамды жұ­мыл­дыруға күш салған тұлға туралы толғана сөйледі.

– Біз сіздерді Елбасының зор еңбегіне арналған бүгінгі көр­меден ерекше әсер алады деп­ сенеміз. Бүгінде Қазақстан бойынша әр облыс, әр аудан, университет, мектептерде Тұңғыш Президент күніне арналған түрлі шара ұйымдастырылуда. Соның ішіндегі бүгінгі көрме маңызды шаралардың бірі болып табылады. Себебі Елбасының білім, денсаулық сақтау саласы, жан-жақты салалар бойынша жасаған еңбектерін өздеріңіз білесіздер. Ал мәдениет саласында жасаған еңбегін осы көрмеден көре аласыздар, – деді ол.

Мәдениет саласының тарихи даму кезеңдері Қазақстан Рес­публикасының 2030 және 2050 жылдарға дейінгі Даму Стра­те­гиясында, Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағ­дарламасында айқын көр­сетілген. Елбасының «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласы алдағы онжылдықтағы күн тәртібін анықтай отырып, прагматикалық ұстанымымен қоғамның барлық саласындағы үздіксіз трансформация үдерісі мен маңызды әрі жүйелі реформалар қалып­тас­тыра білді.

Осы орайда Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұха­ме­ди­ұлы Елбасына арналған үлкен көрме ашу Ұлттық музей үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына Ұлттық музейде құнды экспонаттар жинақ­талған мазмұнды көрме ұйым­дастырғаны үшін алғыс білді­ре­мін. Бұл көрме Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің мәде­ниеті саласында атқарған ерен еңбегіне арналған. Тұңғыш Президентіміз төл тарихымызды, ұлт­тық құндылықтарымызды сақтау, қасиетті өңірлерімізді қал­пына келтіру, ерекше мәде­ниеті­міз, әдебиетіміз, тіліміз бен дініміз, білім жолы, т.б. салалар бойынша көптеген жұмыстар атқарғаны баршаңызға белгілі. Бүгінгі көрмеден Елбасының маңызды қадамдары мен мазмұ­ны терең естеліктерін тамашалай ала­сыздар», деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Елбасының мәдениет сала­сын­дағы атқарған толым­ды іс­тері көр­ме материал­да­рын­да тәуелсіздік жылдарындағы мә­дениет саласындағы мемлекеттің саясаты тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерді қорғау, музейлер, театрлар, архивтер, кітап­ханалар, сәулет өнері, кино өнері, әдебиет, Қазақстан Рес­публикасының бейнелеу және қолданбалы өнері сынды та­қы­рып­тық бағыттармен берілді. Атал­ған көрме 2020 жылғы 5 қаңтарға дейін жалғасады.