Қоғам • 29 Қараша, 2019

Жастар Тұңғыш Президент туралы ойларымен бөлісті

167 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Назарбаев Университетінде «Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылық сабақтары» тақырыбында Jas Otan Саѕеѕ жас­тар сессиясы өтіп, тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуындағы Тұңғыш Президент рөлі және оның саяси шешімдері талқыланды.

Жастар Тұңғыш Президент туралы ойларымен бөлісті

Шараға қатысқан жоғары оқу орындарының студенттері, колледж студенттері, жастар бірлес­тік­терінің өкілдері, Jas Otan жас­тар қанатының белсенділері Елба­сының қайраткерлік қыры мен жастарға айрықша қамқор­лығына қатысты ойларымен бөлісті.

 «Нұрсұлтан Назарбаев – еліміздің астанасын көшірген ұлы тұлға, қайраткер. Себебі қиын-қыстау кезеңде, ауыр экономикалық жағдайда ол елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы батыл шешім қабыл­дады. Әрине, бұл бастама үлкен сынға ұшырады. Бірақ уақыт өте келе бұл бастаманың стра­те­гиялық маңызы бар екені дәлелденді. Бүгінде жаңа Қазақ­стан астанасының феномені бүкіл әлемге танымал. 20 жыл ішінде қала туристер мен инвесторларды тартатын зама­науи мегаполиске айналды. Нұр­сұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегі еліміздің кейінгі ұрпақ­тарына үлгі болуы тиіс», – деді Jas Otan жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек тілші­лерге берген сұхбатында.

Іс-шараға қатысқан қазақ­стан­дық ғарышкер Айдын Айым­бетов, жас ғалым, докторант Әсия Ермұхамбетова, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Елбасы бастамалары өздерінің азамат ретінде қалыптасуына және жеке тұлға ретінде өсуіне ықпал еткенін айтып, өз естеліктерімен бөлісті. «Елбасы шағын және орта бизнесті елдің әлеуетін арттыратын, экономикасының драйвері бола­т­ын құрылым ретінде айшық­тап көрсеткен болатын. Сондай-ақ Жас­тар жылының ашылу салта­натында, Елбасы «Жас кәсіп­кер», жастарды грантпен қо­л­дау секілді бірнеше бастама туралы айтты. Осының бәрі Елба­сы­ның кәсіпкерлікке, әсіресе жастар кәсіпкерлігіне деген ерекше қам­қорлығы мен сенімі деп біле­мін», – деді «Атамекен» ҰКП төраға­сы­ның орынбасары Олжас Ордабаев.