Сіздерді халықтың рухани өмірін толықтыратын тағылымды мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!
Біздің еліміз бен халқымыздың тарихы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолымен біртұтас. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғылға түсуі жолындағы жұмыстардың басымы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз.
Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі – этносаралық келісім мен бірліктің сақталуын айқындады. Осының арқасында көпэтносты халқымыз бәсекеге қабілетті елге айналды.
Елбасы ата-бабаларымыздың арманын жүзеге асырып, ана тілі мен мәдениетін дамытып, еркін ойлауға және алға қарай нық қадам басуға мүмкіндік ашты.
Бүгін Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күнін ерекше ықыласпен және зор ризашылықпен атап өтеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтап, елдің Негізгі Заңына сәйкес бейбіт түрде лауазымның берілуін қамтамасыз етті.
Бұл Тұңғыш Президенттің ерен еңбегі.
Тұңғыш Президентіміздің саяси ерік-жігері мен көрегендігінің арқасында Қазақстан қоғамдық тұрақтылықтың, түрлі этностар мен конфессиялар өкілдерінің бейбіт өмірінің әлемдік қырына айналды.
Құрметті отандастар!
1 желтоқсан – Қазақстан тарихы үшін елеулі күн. Дәл осы күні Ұлт Көшбасшысы ел тізгінін ұстап, елімізде тәуелсіздік тұғырын қондырды.
Нағыз халық көшбасшысы ретінде Елбасы барлығымызға өз елін қалай сүю керектігін, оның даму жолын көрсетті. Бұл күн ұрпақ есінде жаңғырудың, жаңашылдықтың белгісі ретінде ғана емес, өткеннің өнегесі, ұлының ұлағаты ретінде сақталмақ.
Осындай халқымыздың берекесін ұлықтап, мемлекет мерейін асыратын мереке күні отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық, елімізге тыныштық тілейміз!
Құрметпен,
Қазақстан халқы Ассамблеясы