23 Шілде, 2013

Құттықтау жеделхатын жолдады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Альберт II-ге және оның ұлы Филиппке жоғары биліктің ресми түрде берілуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

 

Жеделхатта Қазақстан Прези­денті Бельгияның ұлттық мерекесі – Корольдің ант беру күнімен құттықтап, бұл күні биліктің берілуінің символдық мәні барын және маңызды тарихи оқиға болып саналатынын атап өтті.

«Өкілеттігіңізді ұлыңызға бе­руі­ңіз Бельгия халқының есінде қалатын тарихи маңызы зор оқи­ға болмақ. Мен Брюссельде өт­кен екіжақты кездесулерді ықы­ласпен еске аламын. Елдеріміз ара­сындағы достық пен екіжақты және көпжақты пішіндегі ын­ты­мақтастықты нығайтуға бағыт­тал­ған игі қадамдар Сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында іске асырылғаны анық», – деп атап өтілген Король Альберт II-нің атына жолданған құттықтау жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев ханзада Филипптің Қазақстанға 2010 жылғы қазандағы сапарын да жылы сезіммен еске алатынын жеткізген.

«Біздің елдеріміз арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастар Сіздің қолдауыңызбен алда да екі ел халықтарының игілігі үшін достық және өзара түсіністік рухында одан әрі дамитынына сенемін», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы Альберт II-ге және Король Фи­липпке зор денсаулық, қызмет­те­ріне мол табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке мен игілік тілеген.