Аймақтар • 29 Қараша, 2019

Алматы аула клубтарының үздіктері анықталды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда аула клубтарының талантты жасөспірімдері мен жастарының қатысуымен «Конкордия» театрында есеп беру гала-концерті өтті.  Балалар мен жастар шығармашылығын қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараны  Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры өткізіп отыр. 

Алматы аула клубтарының үздіктері анықталды

Осы шығармашылық мерекесі барысында шеңберінде спорттық іс-шараларға, қолданбалы шығармашылық көрмелерді, концерттік бағдарламаларды, фестивальдар мен конкурстарды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласының Демалыс орталықтарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Үздік TOP-10 спорт клубы және үздік TOP-10 шығармашылық клубы анықталды. Сондай-ақ байқау-конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаздар іріктеліп, үздік демалыс орталығының басшысы, үздік педагог, үздік аула клубы  аталымы бойынша үш бірінші жүлделі орын анықталды. 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Сонымен бірге, іс-шарада Алматы қаласы Демалыс орталықтары тәрбиеленушілерінің қолданбалы бұйымдарынан дайындалған шығармашылық көрме өтті. Барлық номинациялардың қорытындысы бойынша Аула клубтарының арасында жеңімпаздар анықталды. Оларға ауыспалы кубок табысталып, «ІІ жарты жылдың Үздік Аула клубы» атағы берілді. Жеңімпаз болып «Ұшқындар» аула клубы танылды. 

Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жанында қаланың 8 ауданында 50 Аула клубы қызмет етеді. Жыл бойы әскери-патриоттық, мәдени-ағарту, шығармашылық және спорттық бағыттарда жұмыс істейтін аула клубтарында қатысатын балалардың саны – 38023. Екі жүзге жуық  үйірме мен секцияларды балалар мен жасөсіпірімдер клубішілік мыңнан астам шаралар өткізген.

 

АЛМАТЫ