Аймақтар • 29 Қараша, 2019

Президент көмекшісі Аида Балаева Шымкент қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласына сапары барысында қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Алқалы жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты.

Президент көмекшісі Аида Балаева Шымкент қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

«Кеше қала әкімдігінде өткен Қоғамдық қабылдауда 80-нен астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша тыңдадым. Алдағы уақытта халықтың көкейінде жүрген түйіткілдерді сараптап, Президентімізге жеткізетін боламын. Әрі осы кезек күттірмейтін шаруаларды Үкіметпен бірлесе отырып, халықтың пайдасына шешілуіне ықпал ететін боламыз. Жергілікті жердегі Қоғамдық кеңес мүшелері елдің ішінде көп жүретіндіктен, биліктің назарына ілікпей қалып жатқан кейбір шаруаларға қанығып, бірлікте кеңес құру үшін өздеріңізбен кездесу өткізіп отырмын» деді Президент көмекшісі Аида Балаева.

Кездесуді Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай ашып, жүргізіп отырды.

Басқосуда Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дариякүл Қожамжарова және Шымкент орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий баяндама жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диолог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деген болатын.

Осы кездесуде билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру және азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайту мәселелері қаралды.

 

ШЫМКЕНТ