Руханият • 29 Қараша, 2019

Шетелде тұратын қандас әріптестеріміз «Egemen Qazaqstan» ұжымымен кездесті (фоторепортаж)

578 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына шет елдерде тұратын бір топ қандасымыз – журналистер арнайы келіп, басылым басшылығы мен ұжымымен кездесті. 

Шетелде тұратын қандас әріптестеріміз «Egemen Qazaqstan» ұжымымен кездесті (фоторепортаж)

Түркиядан шығатын «Қазақ елі» журналының шығарушы редакторы Ертолқын Гайретуллах, баспагер Серхан Динчтүрк, Ирандағы Pars Today агенттігі қазақ редакциясының журналисі Гаухар Жұмағазықызы, Өзбекстанда таралатын «Нұрлы жол» газетінің бас редакторы Ғұламзәкір Юсупов, өзбекстандық ардагер журналист Қатира Нұрбаева, Моңғолияның Баян-Өлгий аймақтық радиосының тілшісі Қуат Уатхан, Ресейден шығатын «Шүйдің нұры» газетінің редакторы Арқалық Солтанов және басқалары биыл өзінің жүз жылдығын атап өтіп жатқан «Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымын мерейтойымен құттықтады. Өздері қызмет ететін БАҚ пен ел газетінің өзара ынтымақтастығы жөнінде пікір алмасты. Ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ меймандар «Егемен»-нің журналистерімен емен-жарқын сұхбат құрды.

«Egemen Qazaqstan» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі арнайы келген меймандарға алғыс айтып, ел газетінің жүз жылдық мерейтойы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы қысқаша баяндады. Сондай-ақ әріптестер тарапынан айтылған ұсыныс-тілектер алдағы уақытта ескерілетінін, қандастарымыз қызмет ететін шет елдердегі ақпарат құралдарымен өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. 

Айта кетейік, алыстан ат терлетіп келген әріптестерімізбен кездесу туралы материалдың толық нұсқасын «Egemen Qazaqstan» газетінің алдағы сандарынан оқи аласыздар.

в

 в

в

в

в

в

в

в

а

а

а

а

Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ