Тағайындау • 29 Қараша, 2019

Жамбыл облысында кадрлық ауыс-түйістер болып жатыр

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жамбыл облысында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жамбыл ауданына арнайы барып, аудан активіне ауданның жаңа басшысын таныстырды. Тараз қаласының іргесінде орналасқан Жамбыл ауданына әкім болып Сәкен Арубаев тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін бірқатар мемлекеттік қызметтің сатысынан өткен, Мойынқұм ауданын басқарған. Соңғы уақытта Жамбыл облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.

Жамбыл облысында кадрлық ауыс-түйістер болып жатыр

Ал Жамбыл ауданын осы уақытқа дейін басқарып келген Бақыт Қазанбасов Талас ауданына әкім болып барды. Асқар Мырзахметов бүгін қос бірдей әкімді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындап, жаңа әкімдерге аудан экономикасын, ауыл шаруашылығын көтеруді тапсырды.

Сонымен қатар бүгінде Тараз қаласы әкімінің және бірқатар облыстық басқарма басшылары орындарының бос тұрғанын ескерсек, алда әлі де Жамбыл облысында кадрлық ауыс-түйістер болады деп айтуға болады.

 

Жамбыл облысы