Аймақтар • 30 Қараша, 2019

Маңғыстау кәсіпкерлері тасымалдау және жер мәселесін қозғады

386 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Болат Палымбетов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау кәсіпкерлері тасымалдау және жер мәселесін қозғады

Бизнес-омбудсмен Ақтау қаласында өңір әкімі Серікбай Трұмовпен кездесті. Кездесу барысындаөңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріталқыланды.

Атқарылған жұмыстар туралы Өңірліккәсіпкерлер палатасының директоры НұрбекҚарасаев баяндады. 2019 жылдың 11 айындаМаңғыстау облысының Кәсіпкерлер палатасы 519 өтінішті қарады, оның 129-ы бизнесті қорғаусаласы бойынша. Бүгінгі таңда келіп түскенөтініштердің 51%-ы шешілді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлердің 1,62 млрд теңгеге мүліктікқұқықтары қорғалды.

Кездесу барысында тараптар өңірдегікәсіпкерліктің негізгі мәселелері бойыншабірлескен Жол картасына қол қойды.

Бұдан кейін Маңғыстау облысыныңКәсіпкерлер палатасында Болат Палымбетовкәсіпкерлерді жеке қабылдады.

-Өңірдегі ең жиі кездесетін мәселе - жолаушылар тасымалы. Мысалы, автобуста 7 жасқадейінгі балалар тегін жүреді,7 жастан 15 жасқадейінгі балалар үшін 50% жеңілдік беріледі. Бар жеңілдік осы. Жергілікті әкімдік 10 түрлі санатбойынша тегін тасымалдау міндетін қойды: көпбалалы отбасылар, мүгедектер және т.б. Дегенмен, мұнда жол жүру құны ел бойынша төмен, небәрі 50 теңге. Біз жоғарыда көрсетілген санаттағыазаматтар үшін субсидия төлеуді өтіндік, деп,«Жолаушы-Ақтау» ЖШС-нің директоры Руслан Ахметнәбиев қабылдау кезінде тасымалдаупроблемасын қозғады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлердің көпшілігі жертелімдері, сұйытылған газды пайдалану жәнебалабақша жұмыстары тәрізді мәселелерді айтты.

-Өңірдегі бизнесмендердің мәселелеріментолық танысып шықтым. Оларды шешу жөнінденақты шаралар қабылданатын болады. Барлықұсыныстарды біз тиісті мемлекеттік органдарғаенгіземіз. Мұнда айтылған мәселелерді жауапсызқалдырмаймыз, деп түйіндеді Болат Палымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың ақпанайында ҚР Тұңғыш Президенті кәсіпкерлердіқорғау жұмыстарын күшейту мақсатындаҚазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғаужөніндегі уәкіл қызметін енгізуді тапсырғанболатын. 2017 жылы бизнес-омбудсмен ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегікеңестің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияныңқұрамына енді.

2016-2018 жылдары бизнесті қорғау бойынша17 мыңнан астам өтініш түсті. Кәсіпкерлердіңқорғалған мүліктік құқықтарының сомасы 110 млрд теңгені құрады. Бұл - кәсіпкерге қайтарылғанайыппұлдар мен өсімақылар. Өтініштердің басым бөлігі жер, салық, сатып алулар және құқық қорғауоргандарының әрекеттеріне қатысты түскен.