Қазақстан • 01 Желтоқсан, 2019

Алғаш Орынбордан шыққан қазақ газеті ғасырлық тойын тойлауда

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік Pravda.ru интернет басылымы 100 жылдық тарихы бар Egemen Qazaqstan газеті жайында жазды.

Алғаш Орынбордан шыққан қазақ газеті ғасырлық тойын тойлауда

«Ғасырлық тойын тойлап жатқан басылым Қазақстанда көпке мәлім. Нұр-Сұлтан қаласында оның атына көше де берілген. Көшеге газет аты берілген мысалдар көп емес. Мәселен Мәскеуде «Правда», Пермьде «Звезда» көшесі бар», деп жазды Pravda.ru.

Сондай-ақ интернет басылым Egemen Qazaqstan газетінің тарихы Орынбордан бастау алатынын жазады.

«Жақында ғана қазақ делегациясы Орынбордағы Ленин көшесінде орналасқан тарихи ғимаратқа келді. Мұнда газеттің ең алғашқы саны жарық көрді. Әр жылы газет редакциясы Орынбор, Қызылорда, Алматы қалаларында болды. Кейінірек 1999 жылы Қазақстанның астанасына көшірілді», делінген жазбада.

Бұдан соң, интернет басылым Орынборда «Егеменнің» 100 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел өткенін жазады. Жиында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-уәкілі Жанар Колбачаева Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің құттықтау хатын оқыды. Елші құттықтауында бас басылым қай заманда да «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болғанын айтады. Редакцияда Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды белгілі тұлғалар еңбек еткен. Олар өз заманының көшбасшысына айналған басылымның дамуына айрықша үлес қосып, қайталанбас имидж қалыптастырды.

К