Қоғам • 02 Желтоқсан, 2019

Маңғыстауда полицейлер марапатталды

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған жеке құрамның қатысуымен мерекелік жиын өткізді. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда полицейлер марапатталды

Аталған мерекелік шараға арнайы «НұрОтан» партиясының өкілі З.Есбергенова, ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Жариев шақырылды.
Салтанатты шара Әнұран айтумен басталып, ортаға Ту әкелінді.
Алғашқы сөзді департамент басшысыҚ.Таймерденов сөйледі. Қанат Даниярұлы атаулыкүнге байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың еңбекжолы туралы қысқаша баяндап, барлығынмерекемен құттықтады.
Ол құттықтау сөзінен соң, бірқатарқызметкерлермен олардың ата-аналарынмарапаттады.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентікүні» мерекесіне орай және ұйымдастырушылықшеберліктері мен өз қызметтік міндеттерін адалатқарғандары үшін бірақатар Полиция департаментінің қызметкерлері «ҚұрметГрамотамен», «Грамотамен»
«Алғыс хатпен» марапатталса, бірқатар қызметкрелерге алғыс жарияланды.
Шарада «НұрОтан» партиясының өкілі З.Есбергенова және Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының кеңесшісі, Ардагерлер кеңесінің төрағасы  Н.Жариев құттықтап, бүгінгі күннің Қазақстан халқы үшін маңыздылығын айтып, Тұңғыш Президенті туралы айтып өтті.
Шара барысында Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті туралы «Елбасы жәнеҚазақстан» атты документалды фильмдітамашалады.